2024 ЖЫЛДЫҢ ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ ЕСЖ БИРЖАСЫНДА МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН БИРЖАЛЫҚ САУДА-САТТЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
2024 жылдың қыркүйегінде ЕСЖ Биржасы мұнай өнімдерінің келесі түрлері – бензин, дизель отыны және авиациялық отыны бойынша бес негізгі сауда сессияларын (мұнай өнімдерін қыркүйек айына жеткізу жоспарына сәйкес) ұйымдастырды. Биржалық сауда-саттықта мұнай өнімдерімен жалпы көлемі 26 650 тонна мөлшерінде 178 мәміле жасалды
Мұнай өнімдерінің түрлері бойынша көрсеткіштері келесідей қалыптасты:
1) АИ-92 маркалы бензині - 9 035 тонна көлемінде 67 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 7 сатушы мен 26 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 230 043,83 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 32,7 мың тонна деңгейінде бекітілген);
2) АИ-95 маркалы бензині - 3 185 тонна көлемінде 21 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 6 сатушы мен 6 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 282 089,58 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 9,3 мың тонна деңгейінде бекітілген);
3) авиациялық отын – 1 170 тонна көлемінде 15 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 2 сатушы мен 1 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 386 842,61 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 5,8 мың тонна деңгейінде бекітілген);
4) дизель отыны – 8 190 тонна көлемінде 48 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 5 сатушы мен 26 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 293 202,10 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 31,3 мың тонна деңгейінде бекітілген);
5) жол мұнай битумы – 5 070 тонна көлемінде 27 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 1 сатушы мен 9 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 156 157,61 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 15 мың тонна деңгейінде бекітілген);
ЕСЖ Биржасы биржалық тауарлардың баға белгіленімдері: мұнай өнімдері, 2024 жылдың қыркүйек айында
|
Тауардың атауы |
Жеткізу шарты |
Орташа өлшенген бағасы, теңге |
Өзгеріс |
|
Бензин АИ-92 |
FCA |
230 043,83 |
▲+5,4% |
|
Бензин АИ-95 |
FCA |
282 089,58 |
▼ -1,4% |
|
Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын |
FCA |
386 842,61 |
▲+1,1% |
|
Дизель отыны |
FCA |
293 202,10 |
▲+2,1% |
|
Жол мұнай битумы |
EXW |
156 157,61 |
▼ -2,9% |