ҚРҰБ ставкасы 29.04.2026
USD: 457.21 RUB: 6.08
Сайт мәзірі

2024 ЖЫЛДЫҢ ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ ЕСЖ БИРЖАСЫНДА МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН БИРЖАЛЫҚ САУДА-САТТЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

01.10.2024

2024 жылдың қыркүйегінде ЕСЖ Биржасы мұнай өнімдерінің келесі түрлері – бензин, дизель отыны және авиациялық отыны бойынша бес негізгі сауда сессияларын (мұнай өнімдерін қыркүйек айына жеткізу жоспарына сәйкес) ұйымдастырды. Биржалық сауда-саттықта мұнай өнімдерімен жалпы көлемі 26 650 тонна мөлшерінде 178 мәміле жасалды

Мұнай өнімдерінің түрлері бойынша көрсеткіштері келесідей қалыптасты:

1)      АИ-92 маркалы бензині - 9 035 тонна көлемінде 67 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 7 сатушы мен 26 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 230 043,83 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 32,7 мың тонна деңгейінде бекітілген);

2)      АИ-95 маркалы бензині - 3 185 тонна көлемінде 21 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 6 сатушы мен 6 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 282 089,58 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 9,3 мың тонна деңгейінде бекітілген);

3)      авиациялық отын – 1 170 тонна көлемінде 15 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 2 сатушы мен 1 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 386 842,61 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 5,8 мың тонна деңгейінде бекітілген);

4)      дизель отыны – 8 190 тонна көлемінде 48 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 5 сатушы мен 26 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 293 202,10 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 31,3 мың тонна деңгейінде бекітілген);

5)      жол мұнай битумы – 5 070 тонна көлемінде 27 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 1 сатушы мен 9 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 156 157,61 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 15 мың тонна деңгейінде бекітілген);

ЕСЖ Биржасы биржалық тауарлардың баға белгіленімдері: мұнай өнімдері, 2024 жылдың қыркүйек айында

Тауардың атауы

Жеткізу шарты

Орташа өлшенген бағасы, теңге

Өзгеріс

Бензин АИ-92

FCA

230 043,83

▲+5,4%

Бензин АИ-95

FCA

282 089,58

▼ -1,4%

Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын

FCA

386 842,61

▲+1,1%

Дизель отыны

FCA

293 202,10

▲+2,1%

Жол мұнай битумы

EXW

156 157,61

▼ -2,9%