2025 ЖЫЛДЫҢ МАМЫРЫНДА ЕСЖ БИРЖАСЫНДА МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН БИРЖАЛЫҚ САУДА-САТТЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

03.06.2025

2025 жылдың мамырында ЕСЖ Биржасы мұнай өнімдерінің – бензин, дизель отыны және авиациялық отынын сауда сессияларын ұйымдастырды. Биржалық сауда-саттықта мұнай өнімдерімен жалпы көлемі 3 770 тонна мөлшерінде 31 мәміле жасалды.

Мұнай өнімдерінің түрлері бойынша көрсеткіштері келесідей қалыптасты:

1)      АИ-92 маркалы бензині – 1 235 тонна көлемінде 10 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 3 сатушы мен 13 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 207 489,96 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 35,7  мың тонна деңгейінде бекітілген);

2)      АИ-95 маркалы бензині - 325 тонна көлемінде 4 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 2 сатушы мен 3 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 244 972,11 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 9.4 мың тонна деңгейінде бекітілген);

3)      авиациялық отын – 195 тонна көлемінде 3 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 1 сатушы мен 1 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 383 312   теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 6,2  мың тонна деңгейінде бекітілген);

4)      дизель отыны – 2 015 тонна көлемінде 14 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 2 сатушы мен 24 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 299 230,28 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 12,3 мың тонна деңгейінде бекітілген);

ЕСЖ Биржасы биржалық тауарлардың баға белгіленімдері: мұнай өнімдері, мамыр 2025

Тауардың атауы

Жеткізу шарты

Орташа өлшенген бағасы, теңге

Өзгеріс

Бензин АИ-92

FCA

207 489,96

▲+7,9%

Бензин АИ-95

FCA

244 972,11

▲+6,3%

Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын

FCA

383 312,00

0,00%

Дизель отыны

FCA

299 230,28

▲+0,4%