2023 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАРЫНДА ЕСЖ БИРЖАСЫНДА МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН БИРЖАЛЫҚ САУДА-САТТЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

30.01.2023
2023 жылдың қаңтарында ЕСЖ Биржасы мұнай өнімдерінің әрбір түрі бойынша бес сауда сессиясын ұйымдастырды, сондай-ақ көрсетілген тауар түрлері бойынша бір қосымша сауда сессиясы өтті. Биржалық сауда-саттықта мұнай өнімдерімен жалпы көлемі 44 395 тонна мөлшерінде 255 мәміле жасалды, бұл 2023 жылғы қаңтарда елдің ішкі нарығына мұнай өнімдерін жеткізу жоспары бойынша жалпы көлемнің 4,51 % - дан астамын құрады. Мұнай өнімдерінің түрлері бойынша көрсеткіштері келесідей қалыптасты: 1) АИ-92 маркалы бензині - 30 745 тонна көлемінде 153 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 7 сатушы мен 44 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 188 090,24 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 41,8 мың тонна деңгейінде бекітілген); 2) АИ-95 маркалы бензині – 7 475 тонна көлемінде 47 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 5 сатушы мен 26 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 245 386,90 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 8,8 мың тонна деңгейінде бекітілген); 3) дизель отыны - 1 300 тонна көлемінде 13 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 5 сатушы мен 47 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 303 352,51 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 8,4 мың тонна деңгейінде бекітілген); 4) авиациялық отын - 4 875 тонна көлемінде 42 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 5 сатушы мен 5 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 337 050,06 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 5,6 мың тонна деңгейінде бекітілген); ЕСЖ Биржасы биржалық тауарлардың баға белгіленімдері: мұнай өнімдері, қаңтар 2023 Тауардың атауы Жеткізу шарты Орташа өлшенген бағасы, теңге Өзгеріс Бензин АИ-92 FCA 188 090,24 ▼-0,2 % Бензин АИ-95 FCA 245 386,90 ▲+1,3 % Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын FCA 337 050,06 ▲+3,5 % Дизель отыны FCA 303 352,51 ▲+8,0 %