ҚРҰБ ставкасы 19.04.2024
USD: 447.4 RUB: 4.76
Сайт мәзірі

2023 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАРЫНДА ЕСЖ БИРЖАСЫНДА МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН БИРЖАЛЫҚ САУДА-САТТЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

30.01.2023

2023 жылдың қаңтарында ЕСЖ Биржасы мұнай өнімдерінің әрбір түрі бойынша бес сауда сессиясын ұйымдастырды, сондай-ақ көрсетілген тауар түрлері бойынша бір қосымша сауда сессиясы өтті. Биржалық сауда-саттықта мұнай өнімдерімен жалпы көлемі 44 395 тонна мөлшерінде 255 мәміле жасалды, бұл 2023 жылғы қаңтарда елдің ішкі нарығына мұнай өнімдерін жеткізу жоспары бойынша жалпы көлемнің 4,51 % - дан астамын құрады.

Мұнай өнімдерінің түрлері бойынша көрсеткіштері келесідей қалыптасты:

1)      АИ-92 маркалы бензині - 30 745 тонна көлемінде 153 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 7 сатушы мен 44 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 188 090,24 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 41,8 мың тонна деңгейінде бекітілген);

 

2)      АИ-95 маркалы бензині – 7 475 тонна көлемінде 47 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 5 сатушы мен 26 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 245 386,90 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 8,8 мың тонна деңгейінде бекітілген);

 

3)      дизель отыны - 1 300 тонна көлемінде 13 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 5 сатушы мен 47 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 303 352,51 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 8,4 мың тонна деңгейінде бекітілген);

 

4)      авиациялық отын - 4 875 тонна көлемінде 42 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 5 сатушы мен 5 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 337 050,06 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 5,6 мың тонна деңгейінде бекітілген);

 

ЕСЖ Биржасы биржалық тауарлардың баға белгіленімдері: мұнай өнімдері, қаңтар 2023

Тауардың атауы

Жеткізу шарты

Орташа өлшенген бағасы, теңге

Өзгеріс

Бензин АИ-92

FCA

188 090,24

▼-0,2 %

Бензин АИ-95

FCA

245 386,90

▲+1,3 %

Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын

FCA

337 050,06

▲+3,5 %

Дизель отыны

FCA

303 352,51

▲+8,0 %