Announcements

2026 ЖЫЛҒЫ ТАМЫЗ АЙЫНА ЖЕТКІЗУ ЖОСПАРЫ БОЙЫНША МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН САУДА-САТТЫҚ КЕСТЕСІ

06.08.2026

«ЕТС» тауар биржасы» АҚ 2026 жылғы тамыз айына Қазақстан Республикасының ішкі нарығына жеткізу жоспары бойынша мұнай өнімдерін өткізу жөніндегі сауда-саттық сессияларын өткізу туралы хабарлайды:

  1. бензиндер – 2026 жылғы 14, 17, 19, 21, 24 тамыз күндері Астана қ. уақыты бойынша сағат 10:00-ден 11:00-ге дейін;
  2. мұнай жол битумы – 2026 жылғы 14, 17, 19, 21, 24 тамыз күндері Астана қ. уақыты бойынша сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін;
  3. авиакомпанияларға арналған авиациялық отын – 2026 жылғы 14, 17, 19, 21 тамыз күндері Астана қ. уақыты бойынша сағат 12:00-ден 13:00-ге дейін;
  4. авиациялық отынды бөлшек саудада өткізушілерге арналған авиациялық отын – 2026 жылғы 24 тамыз күні Астана қ. уақыты бойынша сағат 12:00-ден 13:00-ге дейін;
  5. дизель отыны – 2026 жылғы 14, 17, 19, 21, 24 тамыз күндері Астана қ. уақыты бойынша сағат 14:00-ден 15:00-ге дейін.

Биржалық қамтамасыз ету мөлшері мәміленің болжамды сомасының 15 % деңгейінде бекітілген.

Биржалық сауда-саттық барысында қойылатын мұнай өнімдерін сатуға және сатып алуға арналған өтінімдердің ең жоғары мөлшері Қазақстан Республикасы Биржалық комитетінің Мұнай өнімдері жөніндегі кіші комитетінің 2022 жылғы 7 маусымдағы № 19 хаттамасымен ұсынылған:

  • бензиндер мен дизель отыны бойынша – 390 тонна;
  • реактивті қозғалтқыштарға арналған отын бойынша – 195 тонна;
  • жол битумы бойынша – 195 тонна.

Биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін:

  • биржалық қамтамасыз етуді есепке алу үшін ЕТС Клирингтік орталығында сауда шотының кодын ашу;
  • биржалық сауда-саттық күнінің алдындағы күні Астана қ. уақыты бойынша сағат 17:00-ге дейін биржалық қамтамасыз ету сомасын енгізу;
  • брокерлік қызмет көрсету шарты жасалған брокерге клиенттік бұйрық беру қажет.

Мұнай өнімдері саудасы секциясының брокерлері туралы мәліметтерді мына сілтеме бойынша табуға болады:
https://ets.kz/markets/oil_products/members/

Сауда құралдарының бекітілген ерекшеліктерімен ЕТС биржасының сайтында мына сілтемелер бойынша танысуға болады:

Мұнай өнімдерінің базалық бағаларымен мына сілтеме бойынша танысуға болады:
https://ets.kz/markets/oil_products/chart/.

Мұнай өнімдерімен биржалық сауда-саттықты өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 19 шілдедегі № 294-НҚ бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда қағидаларының 24-тарауының 188–211-тармақтарымен регламенттелген.

«ЕТС» тауар биржасы» АҚ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 19 шілдедегі № 294-НҚ бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда қағидаларының 24-тарауының негізгі ережелері туралы хабарлайды:

1. Мұнай өнімдерімен биржалық сауда-саттыққа қатысушылар

Қағидалардың 190-тармағына сәйкес:

  • мұнай өнімдерін сатушылар – жеткізу жоспарына енгізілген мұнай өнімдерін өндірушілер мен мұнай жеткізушілер. Жол битумын сатушылар – битум өндірушілер және өздеріне меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутек шикізатын өңдеу процесінде өндірілген битумның меншік иелері;
  • тауар биржасында бензин мен дизель отынын сатып алушылар мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілер, мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізушілер және түпкілікті тұтынушылар болып табылады. Биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін олар мұнай өнімдері нарығында кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесіне ие болуы, сондай-ақ қосылған құн салығы бойынша бір заңды мекенжайда кемінде екі жыл үздіксіз тіркеу есебінде тұруы тиіс;
  • авиациялық отынды сатып алушылар авиациялық компаниялар мен әуежайлар болып табылады. Бұл ретте алғашқы төрт сауда сессиясында авиациялық отынды сатып алушылар ретінде тек авиациялық компаниялар, ал бесінші сауда сессиясында әуежайлар ғана қатыса алады;
  • жол битумын сатып алушылар битумды сақтауға арналған тиісті инфрақұрылымы бар автомобиль жолдарын салу және жөндеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ битумды сақтауға арналған тиісті инфрақұрылымы бар және автомобиль жолдарын салу және жөндеу саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган ұсынған ақпарат негізінде тауар биржасындағы сауда-саттыққа жіберілген тұлғалар болып табылады. Жол битумын сатып алушылардың тізбесі автомобиль жолдарын салу және жөндеу саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

2. Биржалық қамтамасыз ету

Биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін биржалық қамтамасыз ету Қағидалардың 201-тармағына сәйкес мәміленің болжамды сомасының 15 % мөлшерінен аспайтын деңгейде белгіленеді.

3. Бағаның ең жоғары деңгейі

Сауда сессиясы барысында қалыптастырылатын биржалық тауардың — мұнай өнімдерінің ең жоғары баға деңгейі Қағидалардың 203-тармағына сәйкес базалық бағаның 101 %-ынан аспауға тиіс.

4. Базалық бағаны айқындау тәртібі

Сауда сессияларында Қағидалардың 204-тармағына сәйкес мұнай өнімдерінің базалық бағасы ретінде мынадай бағалар танылады:

  1. жаңадан бекітілген сауда құралы бойынша алғашқы биржалық сауда-саттықта базалық баға Argus Media Limited, Ұлыбритания басылымының «Argus Рынок Каспия» дереккөзінде жарияланатын Қазақстанның ішкі нарығындағы бағалар деректері бойынша өткен айдың қорытындысында қалыптасқан тиісті мұнай өнімдерін өндірушінің жеткізу базисіндегі мұнай өнімдерінің тиісті түрінің көтерме бағалары котировкаларының орташа арифметикалық мәні деңгейінде белгіленеді;
  2. егер бекітілген сауда құралы немесе сауда құралдарының тобы бойынша сауда-саттық әртүрлі себептермен, оның ішінде мұнай өңдеу зауытын жоспарлы және/немесе жоспардан тыс жөндеу кезеңінде екі аптадан артық тоқтатылған жағдайда, базалық баға Қағидалардың 204-тармағының 1) тармақшасына сәйкес айқындалады;
  3. егер сауда сессиясының қорытындысы бойынша осы сауда сессиясында өткізілуге жататын мұнай өнімі көлемінің кемінде 70 %-ы бойынша мәмілелер жасалса, келесі сауда сессиясында базалық баға осындай сауда сессиясында қалыптасқан мұнай өнімінің орташа өлшемді бағасы деңгейінде белгіленеді;
  4. егер сауда сессиясының қорытындысы бойынша өткізілуге жататын мұнай өнімі көлемінің 70 %-ынан азы, бірақ 30 %-ынан астамы бойынша мәмілелер жасалса және мұнай өнімінің орташа өлшемді бағасы осы сауда сессиясының базалық бағасы деңгейінде немесе одан жоғары қалыптасса, келесі сауда сессиясында базалық баға өзгермейді;
  5. егер сауда сессиясының қорытындысы бойынша өткізілуге жататын мұнай өнімі көлемінің 70 %-ынан азы, бірақ 30 %-ынан астамы бойынша мәмілелер жасалса және мұнай өнімінің орташа өлшемді бағасы осы сауда сессиясының базалық бағасынан төмен қалыптасса, келесі сауда сессиясында базалық баға осындай сауда сессиясында қалыптасқан мұнай өнімінің орташа өлшемді бағасы деңгейінде белгіленеді;
  6. егер сауда сессиясының қорытындысы бойынша өткізілуге жататын мұнай өнімі көлемінің 30 %-ынан азы бойынша мәмілелер жасалса, келесі сессияға базалық баға 2 %-ға төмендетіледі.

Мұнай өнімдерімен сауда-саттықты ұйымдастырушы Қағидалардың 204-тармағының бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда базалық бағаны мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен алдын ала келіседі.