ҚРҰБ ставкасы 31.08.2026
USD: 464.77 RUB: 5.41
Сайт мәзірі

2026 ЖЫЛҒЫ ТАМЫЗ АЙЫНА ЖЕТКІЗУ ЖОСПАРЫ БОЙЫНША МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН САУДА-САТТЫҚ КЕСТЕСІ

06.08.2026
ЕТС Хабарландыру

06.08.2026

«ЕТС» тауар биржасы» АҚ хабарламасы

«ЕТС» тауар биржасы» АҚ 2026 жылғы тамыз айына арналған Қазақстан Республикасының ішкі нарығына жеткізу жоспары бойынша мұнай өнімдерін өткізу жөніндегі сауда сессияларының өткізілетінін хабарлайды:

  • Бензиндер — 2026 жылғы 14, 17, 19, 21, 24 тамызда Астана қ. уақыты бойынша сағат 10:00-ден 11:00-ге дейін;
  • Жол мұнай битумы — 2026 жылғы 14, 17, 19, 21, 24 тамызда Астана қ. уақыты бойынша сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін;
  • Әуекомпанияларға арналған авиациялық отын — 2026 жылғы 14, 17, 19, 21 тамызда Астана қ. уақыты бойынша сағат 12:00-ден 13:00-ге дейін;
  • Авиациялық отынды бөлшек саудада өткізушілерге арналған авиациялық отын — 2026 жылғы 24 тамызда Астана қ. уақыты бойынша сағат 12:00-ден 13:00-ге дейін;
  • Дизель отыны — 2026 жылғы 14, 17, 19, 21, 24 тамызда Астана қ. уақыты бойынша сағат 14:00-ден 15:00-ге дейін.

Биржалық қамтамасыз ету мөлшері мәміленің болжамды сомасының 15% деңгейінде бекітілді.

Биржалық сауда-саттық барысында қойылатын мұнай өнімдерін сатуға және сатып алуға арналған өтінімдердің ең жоғары мөлшерлері Қазақстан Республикасы Биржалық комитетінің Мұнай өнімдері жөніндегі кіші комитетімен ұсынылған, 2022 жылғы 07.06. № 19 хаттама:

  • бензиндер және дизель отыны бойынша — 390 тонна мөлшерінде;
  • реактивті қозғалтқыштарға арналған отын бойынша — 195 тонна мөлшерінде;
  • жол битумы бойынша — 195 тонна мөлшерінде.

Биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін:

  1. биржалық қамтамасыз етуді есепке алу үшін ЕТС Клиринг орталығында сауда шотының кодын ашу;
  2. биржалық сауда-саттық күні алдындағы күні Астана қ. уақыты бойынша сағат 17:00-ге дейін оған биржалық қамтамасыз ету сомасын енгізу;
  3. брокерлік қызмет көрсету шарты жасалған брокерге клиенттік бұйрық беру қажет.

Мұнай өнімдері сауда секциясының брокерлері туралы мәліметтерді мына сілтеме бойынша табуға болады: https://ets.kz/markets/oil_products/members/

Бекітілген сауда құралдарының ерекшеліктерімен ЕТС Биржасының сайтында келесі сілтемелер бойынша танысуға болады:

Мұнай өнімдерінің базалық бағаларымен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://ets.kz/markets/oil_products/chart/

Мұнай өнімдерімен биржалық сауда-саттықты өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда қағидаларының 24-тарауының 188–211-тармақтарымен, енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, регламенттеледі.

«ЕТС» тауар биржасы» АҚ Биржалық сауда қағидаларының 24-тарауының негізгі ережелері туралы хабарлайды.

1. Мұнай өнімдерімен биржалық сауда-саттыққа қатысушылар

Биржалық сауда қағидаларының 190-тармағына сәйкес мұнай өнімдерімен биржалық сауда-саттыққа қатысушылар болып тауар биржасында дилер ретінде аккредиттелген не аккредиттелген брокерлер арқылы әрекет ететін сатушылар мен сатып алушылар табылады.

Мұнай өнімдерімен биржалық сауда-саттыққа қатысушыларға мыналар жатады:

Мұнай өнімдерін сатушылар — жеткізу жоспарына енгізілген мұнай өнімдерін өндірушілер және мұнай жеткізушілер.

Жол битумын сатушылар болып битум өндірушілер және өздеріне меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутек шикізатын өңдеу процесінде өндірілген битумның меншік иелері табылады.

Мұнай өнімдерін сатып алушылар — мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілер, мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізушілер және түпкілікті тұтынушылар.

Авиациялық отынды сатып алушылар — түпкілікті тұтынушылар болып табылатын әуекомпаниялар, сондай-ақ авиациялық отынды бөлшек саудада өткізушілер.

Жарияланған сауда сессиялары шеңберінде әуекомпанияларға арналған авиациялық отын 2026 жылғы 14, 17, 19 және 21 тамызда, авиациялық отынды бөлшек саудада өткізушілерге арналған авиациялық отын 2026 жылғы 24 тамызда өткізіледі.

Жол битумын сатып алушылар — автомобиль жолдарын салу және жөндеу саласында қызметті жүзеге асыратын, битумды сақтауға арналған тиісті инфрақұрылымы бар жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ битумды сақтауға арналған тиісті инфрақұрылымы бар және автомобиль жолдарын салу және жөндеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган ұсынған ақпарат негізінде тауар биржасында биржалық сауда-саттыққа жіберілген тұлғалар. Жол битумын сатып алушылардың тізбесі автомобиль жолдарын салу және жөндеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

Биржалық сауда қағидаларының қолданыстағы редакциясында мұнай өнімдерімен биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін заңды тұлғаның ең төменгі жұмыс істеу мерзімі, мұнай өнімдері нарығындағы ең төменгі жұмыс өтілі, сондай-ақ қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде екі жыл бойы үздіксіз тұру талабы көзделмеген. Осыған байланысты жаңадан құрылған заңды тұлға тауар биржасында белгіленген тәртіппен аккредиттеуден өткен немесе аккредиттелген брокер арқылы сауда-саттыққа қатысқан, сондай-ақ мұнай өнімдері нарығындағы тиісті мәртебесін растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда мұнай өнімдерімен биржалық сауда-саттыққа қатысуға жіберілуі мүмкін.

Бұл ретте мұнай өнімдерімен биржалық сауда-саттыққа қатысуға жіберу заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелу мерзіміне қарай емес, үміткердің Биржалық сауда қағидаларының, ЕТС Биржасының ішкі құжаттарының және Қазақстан Республикасының мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру мен олардың айналымын реттейтін заңнамасының талаптарына сәйкестігі негізінде жүзеге асырылады.

Биржалық сауда қағидаларының 208-тармағына сәйкес мұнай өнімдерін сатып алушылар мен сатушылар мұнай өнімдерімен биржалық саудаға қатысуға рұқсат алу үшін, биржалық сауда-саттыққа дилер ретінде дербес қатысқан жағдайда, тауар биржасына не брокерге мұнай өнімдері нарығындағы мәртебесін растайтын құжаттарды ұсынады. Мұндай құжаттардың тізбесін тауар биржасы айқындайды және ол қатысушының мәлімделген мәртебесіне, оның ішінде мұнай өнімдерін өндіруші, мұнай жеткізуші, мұнай өнімдерін көтерме жеткізуші, мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуші, түпкілікті тұтынушы, әуекомпания, авиациялық отынды бөлшек саудада өткізуші не жол битумын сатып алушы мәртебесіне байланысты болады.

ЕТС Биржасы қатысушының мұнай өнімдері нарығындағы тиісті мәртебесін, қажетті хабарламалардың, рұқсаттардың, мұнай өнімдері базаларына, резервуарларға, автожанармай құю станцияларына, битумды сақтауға арналған инфрақұрылымға құқықтарының болуын растайтын құжаттарды не мұнай өнімінің түріне және қатысушының мәртебесіне қарай мұнай өнімдерімен биржалық сауда-саттыққа қатысудың құқықтылығын растау үшін қажетті өзге де құжаттарды сұратуға құқылы.

Аккредиттеуден бас тарту негіздері Биржалық сауда қағидаларымен айқындалады. Заңнамада көзделген өзге де негіздер болмаған кезде заңды тұлғаның жақында мемлекеттік тіркелгені уәжі бойынша ғана биржалық сауда-саттыққа жіберуден бас тартуға жол берілмейді.

2. Биржалық қамтамасыз ету

Биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін биржалық қамтамасыз ету Қағидалардың 201-тармағына сәйкес мәміленің болжамды сомасының 15%-ынан аспайтын мөлшерде белгіленеді.

3. Бағаның ең жоғары деңгейі

Сауда сессиясы барысында қалыптастырылатын мұнай өнімдері — биржалық тауар бағасының ең жоғары деңгейі Қағидалардың 203-тармағына сәйкес базалық бағаның 101%-ынан аспауға тиіс.

4. Базалық бағаны айқындау тәртібі

Сауда сессияларында Қағидалардың 204-тармағына сәйкес мұнай өнімдерінің базалық бағасы ретінде мына бағалар танылады:

  1. Жаңадан бекітілген сауда құралы бойынша алғашқы биржалық сауда-саттықта базалық баға мұнай өнімдерін тиісті өндірушінің жеткізу базисінде тиісті мұнай өнімі түрінің көтерме бағаларының котировкаларының өткен ай қорытындылары бойынша қалыптасқан орташа арифметикалық мәні деңгейінде белгіленеді. Бұл мән Қазақстанның ішкі нарығындағы бағалар бойынша Ұлыбританияның Argus Media Limited басылымының «Argus Каспий нарығы» дереккөзінде жарияланатын деректер негізінде айқындалады.
  2. Егер бекітілген сауда құралы немесе сауда құралдарының тобы бойынша сауда-саттық әртүрлі себептермен, оның ішінде мұнай өңдеу зауытын жоспарлы және/немесе жоспардан тыс жөндеу кезеңіне байланысты екі аптадан астам уақытқа тоқтатыла тұрса, базалық баға Қағидалардың 204-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес айқындалады.
  3. Егер сауда сессиясының қорытындылары бойынша мәмілелер осы сауда сессиясында өткізілуге тиіс мұнай өнімі көлемінің кемінде 70% көлемі бойынша жасалса, келесі сауда сессиясында базалық баға осындай сауда сессиясы барысында қалыптасқан мұнай өнімінің орташа өлшемді бағасы деңгейінде белгіленеді.
  4. Егер сауда сессиясының қорытындылары бойынша мәмілелер осы сауда сессиясында өткізілуге тиіс мұнай өнімі көлемінің 70%-ынан аз, бірақ 30%-ынан көп көлемі бойынша жасалса және мұнай өнімінің орташа өлшемді бағасы осы сауда сессиясының базалық бағасы деңгейінде немесе одан жоғары қалыптасса, келесі сауда сессиясында базалық баға өзгеріссіз қалады.
  5. Егер сауда сессиясының қорытындылары бойынша мәмілелер осы сауда сессиясында өткізілуге тиіс мұнай өнімі көлемінің 70%-ынан аз, бірақ 30%-ынан көп көлемі бойынша жасалса және мұнай өнімінің орташа өлшемді бағасы осы сауда сессиясының базалық бағасынан төмен қалыптасса, келесі сауда сессиясында базалық баға осындай сауда сессиясы барысында қалыптасқан мұнай өнімінің орташа өлшемді бағасы деңгейінде белгіленеді.
  6. Егер сауда сессиясының қорытындылары бойынша мәмілелер осы сауда сессиясында өткізілуге тиіс мұнай өнімі көлемінің 30%-ынан аз көлемі бойынша жасалса, келесі сессияға базалық баға 2%-ға төмендетіледі.

Мұнай өнімдерімен сауда-саттықты ұйымдастырушы Қағидалардың 204-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда базалық бағаны мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен алдын ала келіседі.