2025 ЖЫЛДЫҢ НАУРЫЗДА ЕСЖ БИРЖАСЫНДА МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН БИРЖАЛЫҚ САУДА-САТТЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

04.04.2025

2025 жылдың наурызында ЕСЖ Биржасы мұнай өнімдерінің – бензин, дизель отыны және авиациялық отынын сауда сессияларын ұйымдастырды. Биржалық сауда-саттықта мұнай өнімдерімен жалпы көлемі 3 445 тонна мөлшерінде 22 мәміле жасалды.

Мұнай өнімдерінің түрлері бойынша көрсеткіштері келесідей қалыптасты:

1)      АИ-92 маркалы бензині - 1 560 тонна көлемінде 9 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 2 сатушы мен 9 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 200 979,06 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 44,2 мың тонна деңгейінде бекітілген);

 

2)      АИ-95 маркалы бензині - 195 тонна көлемінде 1 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 2 сатушы мен 1 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 261 222,67 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 8,7 мың тонна деңгейінде бекітілген);

 

3)      авиациялық отын – 195 тонна көлемінде 3 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 1 сатушы мен 1 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 388 164,7 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 6,1 мың тонна деңгейінде бекітілген);

 

4)      дизель отыны – 1 495 тонна көлемінде 9 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 2 сатушы мен 16 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 293 179,88 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 10,1 мың тонна деңгейінде бекітілген);

ЕСЖ Биржасы биржалық тауарлардың баға белгіленімдері: мұнай өнімдері, наурызда 2025

Тауардың атауы

Жеткізу шарты

Орташа өлшенген бағасы, теңге

Өзгеріс

Бензин АИ-92

FCA

184 331,54

▼ -8,3%

Бензин АИ-95

FCA

231 000,00

▼ -11,6%

Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын

FCA

387 182,97

▼ -0,3%

Дизель отыны

FCA

293 679,28

▲+0,2%