2024 ЖЫЛДЫҢ МАМЫРДА ЕСЖ БИРЖАСЫНДА МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН БИРЖАЛЫҚ САУДА-САТТЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
2024 жылдың мамыр айында ЕСЖ Биржасы мұнай өнімдерінің келесі түрлері – бензин, дизель отыны және авиациялық отын бойынша сауда сессияларын ұйымдастырды. Биржалық сауда-саттықта мұнай өнімдерімен жалпы көлемі 20 865 тонна мөлшерінде 112 мәміле жасалды.
Мұнай өнімдерінің түрлері бойынша көрсеткіштері келесідей қалыптасты:
1) АИ-92 маркалы бензині - 5 460 тонна көлемінде 29 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 3 сатушы мен 17 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 214 520,53 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 34,5 мың тонна деңгейінде бекітілген);
2) АИ-95 маркалы бензині - 2 795 тонна көлемінде 18 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 3 сатушы мен 16 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 264 899,81 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 8,1 мың тонна деңгейінде бекітілген);
3) авиациялық отын – 1 235 тонна көлемінде 12 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 2 сатушы мен 1 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 374 956,37 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 6 мың тонна деңгейінде бекітілген);
4) дизель отыны – 11 375 тонна көлемінде 53 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 3 сатушы мен 15 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 292 701,44 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 40,4 мың тонна деңгейінде бекітілген);
ЕСЖ Биржасы биржалық тауарлардың баға белгіленімдері: мұнай өнімдері, 2024 жылдың мамыры
|
Тауардың атауы |
Жеткізу шарты |
Орташа өлшенген бағасы, теңге |
Өзгеріс |
|
Бензин АИ-92 |
FCA |
214 520,53 |
▲+8,5% |
|
Бензин АИ-95 |
FCA |
264 899,81 |
▲+8,6% |
|
Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын |
FCA |
374 956,37 |
▲+0,4% |
|
Дизель отыны |
FCA |
292 701,44 |
▲+2,4% |