2025 ЖЫЛДЫҢ ШІЛДЕ ЕСЖ БИРЖАСЫНДА МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН БИРЖАЛЫҚ САУДА-САТТЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

31.07.2025

2025 жылдың шілде айында ЕСЖ Биржасы мұнай өнімдерінің – бензин, дизель отыны және авиациялық отынын сауда сессияларын ұйымдастырды. Биржалық сауда-саттықта мұнай өнімдерімен жалпы көлемі 3 185 тонна мөлшерінде 32 мәміле жасалды.

Мұнай өнімдерінің түрлері бойынша көрсеткіштері келесідей қалыптасты:

1)      АИ-92 маркалы бензині – 1 040 тонна көлемінде 10 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 3 сатушы мен 16 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 224 011,95 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 26,5 мың тонна деңгейінде бекітілген);

 

2)      АИ-95 маркалы бензині - 325 тонна көлемінде 5 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 3 сатушы мен 14 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 257 501,48 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 5,8 мың тонна деңгейінде бекітілген);

 

3)      авиациялық отын – 195 тонна көлемінде 3 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 2 сатушы мен 1 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 384 589,71 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 3,9 мың тонна деңгейінде бекітілген);

 

4)      дизель отыны – 1 625 тонна көлемінде 14 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 3 сатушы мен 20 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 303 066,7 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 8,9 мың тонна деңгейінде бекітілген);

 

ЕСЖ Биржасы биржалық тауарлардың баға белгіленімдері: мұнай өнімдері, шілде 2025

Тауардың атауы

Жеткізу шарты

Орташа өлшенген бағасы, теңге

Өзгеріс

Бензин АИ-92

FCA

224 011,95

▲+4,0%

Бензин АИ-95

FCA

257 501,48

▲+1,2%

Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын

FCA

384 589,71

▲+0,3%

Дизель отыны

FCA

303 066,70

▲+0,2%