2026 ЖЫЛДЫҢ АҚПАНДА ЕСЖ БИРЖАСЫНДА МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН БИРЖАЛЫҚ САУДА-САТТЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

02.03.2026

2026 жылдың қантарда ЕСЖ Биржасы  мұнай өнімдері – бензин, дизель және авиациялық отынның бес негізгі және бір қосымша сауда сессиясын ұйымдастырды. Биржалық сауда-саттықта мұнай өнімдерімен жалпы көлемі 41 145 тонна мөлшерінде 184 мәміле жасалды.

Мұнай өнімдерінің түрлері бойынша көрсеткіштері келесідей қалыптасты:

1)      АИ-92 маркалы бензині – 22 230 тонна көлемінде 102 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 4 сатушы мен 45 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 243 483,41 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 24,3 мың тонна деңгейінде бекітілген);

 

2)      АИ-95 маркалы бензині – 2 990 тонна көлемінде 17 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 3 сатушы мен 15 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 320 535,19 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 4,9 мың тонна деңгейінде бекітілген);

 

3)      авиациялық отын – 3 185 тонна көлемінде 22 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 3 сатушы мен 2 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 411 597,61 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 4,6 мың тонна деңгейінде бекітілген);

 

4)      дизель отыны – 12 740 тонна көлемінде 43 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 3 сатушы мен 54 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 327 612,85 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 17,5 мың тонна деңгейінде бекітілген);

 

ЕСЖ Биржасы биржалық тауарлардың баға белгіленімдері: мұнай өнімдері, ақпан айында 2026

Тауардың атауы

Жеткізу шарты

Орташа өлшенген бағасы, теңге

Өзгеріс

Бензин АИ-92

FCA

243 483,41

▲+1,3%

Бензин АИ-95

FCA

320 535,19

▲+1,7%

Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын

FCA

411 597,61

▲+0,6%

Дизель отыны

FCA

327 612,85

▲+2,7%