2024 ЖЫЛДЫҢ ЖЕЛТОҚСАН АЙЫНДА ЕСЖ БИРЖАСЫНДА МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН БИРЖАЛЫҚ САУДА-САТТЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

30.12.2024

2024 жылдың желтоқсан айында ЕСЖ Биржасы мұнай өнімдерінің келесі түрлері – бензин, дизель отыны және авиациялық отыны бойынша бес негізгі сауда сессияларын (мұнай өнімдерін желтоқсан айына жеткізу жоспарына сәйкес) ұйымдастырды. Биржалық сауда-саттықта мұнай өнімдерімен жалпы көлемі 15 470 тонна мөлшерінде 85 мәміле жасалды

Мұнай өнімдерінің түрлері бойынша көрсеткіштері келесідей қалыптасты:

1)      АИ-92 маркалы бензині - 4 615 тонна көлемінде 19 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 6 сатушы мен 13 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 206 483,52 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 44,1 мың тонна деңгейінде бекітілген);

2)      АИ-95 маркалы бензині - 1 430 тонна көлемінде 9 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 7 сатушы мен 10 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 287 442,83 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 9 мың тонна деңгейінде бекітілген);

3)      авиациялық отын – 1 235 тонна көлемінде 15 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 2 сатушы мен 1 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 390 355,22 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 5,9 мың тонна деңгейінде бекітілген);

4)      дизель отыны – 8 190 тонна көлемінде 42 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 6 сатушы мен 17 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 303 304 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 41,1 мың тонна деңгейінде бекітілген);

   

ЕСЖ Биржасы биржалық тауарлардың баға белгіленімдері: мұнай өнімдері, 2024 жылдың желтоқсан айында

Тауардың атауы

Жеткізу шарты

Орташа өлшенген бағасы, теңге

Өзгеріс

Бензин АИ-92

FCA

206 483,52

▼ -6,4%

Бензин АИ-95

FCA

287 442,83

▼ -2,9%

Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын

FCA

390 355,22

▼ -0,1%

Дизель отыны

FCA

303 304,00

▲+0,1%