2025 ЖЫЛДЫҢ СӘУІРДЕ ЕСЖ БИРЖАСЫНДА МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН БИРЖАЛЫҚ САУДА-САТТЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
2025 жылдың сәуір айында ЕСЖ Биржасы мұнай өнімдерінің – бензин, дизель отыны және авиациялық отынын сауда сессияларын ұйымдастырды. Биржалық сауда-саттықта мұнай өнімдерімен жалпы көлемі 3 250 тонна мөлшерінде 21 мәміле жасалды.
Мұнай өнімдерінің түрлері бойынша көрсеткіштері келесідей қалыптасты:
1) АИ-92 маркалы бензині – 1 365 тонна көлемінде 7 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 3 сатушы мен 11 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 192 249,48 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 38.5 мың тонна деңгейінде бекітілген);
2) АИ-95 маркалы бензині - 260 тонна көлемінде 2 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 2 сатушы мен 7 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 230 457,98 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 9.4 мың тонна деңгейінде бекітілген);
3) авиациялық отын – 130 тонна көлемінде 2 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 1 сатушы мен 1 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 383 312 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 6,1 мың тонна деңгейінде бекітілген);
4) дизель отыны – 1 495 тонна көлемінде 10 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 2 сатушы мен 19 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 297 991,29 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 10,6 мың тонна деңгейінде бекітілген);
ЕСЖ Биржасы биржалық тауарлардың баға белгіленімдері: мұнай өнімдері, сәуірде 2025
|
Тауардың атауы |
Жеткізу шарты |
Орташа өлшенген бағасы, теңге |
Өзгеріс |
|
Бензин АИ-92 |
FCA |
192 249,48 |
▲+4,3% |
|
Бензин АИ-95 |
FCA |
230 457,98 |
▼ -0,2% |
|
Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын |
FCA |
383 312,00 |
▼ -1,0% |
|
Дизель отыны |
FCA |
297 991,29 |
▲+1,5% |