2026 ЖЫЛҒЫ МАУСЫМДА ЕСЖ БИРЖАСЫНДА МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН БИРЖАЛЫҚ САУДА-САТТЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

01.06.2026

2026 жылдың маусым айында ЕСЖ Биржасы мұнай өнімдері – бензин, дизель отыны, авиациялық отын және битум бойынша бес негізгі сауда сессиясын және бір қосымша сауда сессиясын ұйымдастырды. Мұнай өнімдерімен биржалық сауда-саттықта жалпы көлемі 81 250 тонна болатын 395 мәміле жасалды.

Мұнай өнімдерінің түрлері бойынша көрсеткіштер келесідей қалыптасты:

1) АИ-92 маркалы бензин – 27 560 тонна көлемінде 125 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 4 сатушы мен 47 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 246 436,35 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 34 578 тонна көлемінде бекітілген);

2) АИ-95 маркалы бензин – 7 605 тонна көлемінде 41 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 4 сатушы мен 32 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 302 218,95 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 10 294 тонна көлемінде бекітілген);

3) авиациялық отын – 5 720 тонна көлемінде 42 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 4 сатушы мен 29 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 417 954,95 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 7 021 тонна көлемінде бекітілген);

4) дизель отыны – 37 895 тонна көлемінде 169 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 4 сатушы мен 54 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 323 037,26 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 48 172 тонна көлемінде бекітілген);

5) битум – 2 470 тонна көлемінде 18 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 1 сатушы мен 20 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 161 550,13 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 18 306 тонна көлемінде бекітілген);

 

ЕСЖ Биржасындағы биржалық тауарлардың баға белгіленімдері: мұнай өнімдері, маусым 2026 жыл

Тауардың атауы

Жеткізу шарты

Орташа өлшенген бағасы, теңге

Өзгеріс

Бензин АИ-92

FCA

246 436,35

▲+0,8%

Бензин АИ-95

FCA

302 218,95

▲+3,7%

Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын

FCA

417 954,95

▲+1,5%

Дизель отыны

FCA

323 037,26

▼ -0,4%

Мұнай жол битумы

FCA

161 550,13

▲+4,0%