2026 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАНДА ЕСЖ БИРЖАСЫНДА МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН БИРЖАЛЫҚ САУДА-САТТЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ / ИТОГИ БИРЖЕВЫХ ТОРГОВ НЕФТЕПРОДУКТАМИ В ОКТЯБРЕ 2026 ГОДА НА БИРЖЕ ЕТС

02.11.2026

2026 жылдың қазан айында ЕСЖ Биржасы мұнай өнімдері – бензин, дизель отыны және авиациялық отын бойынша бес негізгі сауда сессиясын ұйымдастырды. Мұнай өнімдерімен биржалық сауда-саттықта жалпы көлемі 29 835 тонна болатын 158 мәміле жасалды.

Мұнай өнімдерінің түрлері бойынша көрсеткіштер келесідей қалыптасты:

1) АИ-92 маркалы бензин – 20 085 тонна көлемінде 99 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 4 сатушы мен 36 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 265 848,15 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 43 945 тонна көлемінде бекітілген);

2) АИ-95 маркалы бензин – 3 575 тонна көлемінде 22 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 4 сатушы мен 14 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 315 192,77 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 10 560 тонна көлемінде бекітілген);

3) авиациялық отын – 4 290 тонна көлемінде 30 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 4 сатушы мен 5 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 503 539,78 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 7 251 тонна көлемінде бекітілген);

4) дизель отыны – 1 885 тонна көлемінде 7 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 3 сатушы мен 31 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 348 304,28 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 54 491 тонна көлемінде бекітілген);

 

ЕСЖ Биржасындағы биржалық тауарлардың баға белгіленімдері: мұнай өнімдері, қазан 2026 жыл

Тауардың атауы

Жеткізу шарты

Орташа өлшенген бағасы, теңге

Өзгеріс

Бензин АИ-92

FCA

265 848,15

▲+11,7%

Бензин АИ-95

FCA

315 192,77

—

Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын

FCA

503 539,78

▲+26,1%

Дизель отыны

FCA

348 304,28

—