2023 ЖЫЛДЫҢ ҚАРАШАСЫНДА ЕСЖ БИРЖАСЫНДА МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН БИРЖАЛЫҚ САУДА-САТТЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
2023 жылдың қарашасында ЕСЖ Биржасы мұнай өнімдерінің сауда сессиясын – бензин, дизель отыны және авиациялық отынын ұйымдастырды. Биржалық сауда-саттықта мұнай өнімдерімен жалпы көлемі 3 120 тонна мөлшерінде 24 мәміле жасалды. Мұнай өнімдерінің түрлері бойынша көрсеткіштері келесідей қалыптасты:
1) АИ-92 маркалы бензині - 1300 тонна көлемінде 7 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 2 сатушы мен 23 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 197 498,69 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 39,2 мың тонна деңгейінде бекітілген);
2) АИ-95 маркалы бензині - 260 тонна көлемінде 4 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 2 сатушы мен 6 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 265 618,45 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 8,7 мың тонна деңгейінде бекітілген);
3) авиациялық отын – 130 тонна көлемінде 2 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 1 сатушы мен 4 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 407 030 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 4,8 мың тонна деңгейінде бекітілген);
4) дизель отыны – 1430 тонна көлемінде 11 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 3 сатушы мен 14 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 285 117,17 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 35,2 мың тонна деңгейінде бекітілген);
ЕСЖ Биржасы биржалық тауарлардың баға белгіленімдері: мұнай өнімдері, қарашада 2023
Тауардың атауы |
Жеткізу шарты |
Орташа өлшенген бағасы, теңге |
Өзгеріс |
Бензин АИ-92 |
FCA |
197 498,69 |
▼ - 3,9% |
Бензин АИ-95 |
FCA |
265 618,45 |
▲ + 22,6% |
Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын |
FCA |
407 030,00 |
▲ + 25,3% |
Дизель отыны |
FCA |
285 117,17 |
▲ + 8,5% |