2023 ЖЫЛДЫҢ СӘУІРІНДЕ ЕСЖ БИРЖАСЫНДА МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН БИРЖАЛЫҚ САУДА-САТТЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

28.04.2023

2023 жылдың сәуірінде ЕСЖ Биржасы мұнай өнімдерінің әрбір түрі бойынша бес сауда сессиясын ұйымдастырды, сондай-ақ көрсетілген тауар түрлері бойынша бір қосымша сауда сессиясы өтті. Биржалық сауда-саттықта мұнай өнімдерімен жалпы көлемі 29 325 тонна мөлшерінде 157 мәміле жасалды, бұл 2023 жылғы наурызында елдің ішкі нарығына мұнай өнімдерін жеткізу жоспары бойынша жалпы көлемнің 2,9 % - дан астамын құрады.

Мұнай өнімдерінің түрлері бойынша көрсеткіштері келесідей қалыптасты:

1)      АИ-92 маркалы бензині - 16 770 тонна көлемінде 75 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 5 сатушы мен 85 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 191 894,54 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 33,4 мың тонна деңгейінде бекітілген); 

2)      АИ-95 маркалы бензині – 5 135 тонна көлемінде 36 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 5 сатушы мен 31 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 231 585,02 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 33,4 мың тонна деңгейінде бекітілген);

3)      авиациялық отын – 910 тонна көлемінде 7 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 4 сатушы мен 13 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 358 344,80 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 1,1 мың тонна деңгейінде бекітілген);

4)      жол битумы – 6 510 тонна көлемінде 39 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 3 сатушы мен 25 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 103 970,36 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 9 мың тонна деңгейінде бекітілген).

ЕСЖ Биржасы биржалық тауарлардың баға белгіленімдері: мұнай өнімдері, сәуір 2023

Тауардың атауы

Жеткізу шарты

Орташа өлшенген бағасы, теңге

Өзгеріс

Бензин АИ-92

FCA

191 894,54

▼ - 2,2 %

Бензин АИ-95

FCA

231 585,02

▼ - 1,4 %

Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын

FCA

358 344,80

▲ + 0,4 %

Дизель отыны

FCA

-

-

Мұнай жол битумы

EXW/FCA

103 970,36

▼ - 2,7 %