ЦЕМЕНТ САУТЫН ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ / ОБЪЯВЛЕНИЕ О ПРОВЕДЕНИИ ЗАКУПКИ ЦЕМЕНТА
«FB Capital» ЖШС биржалық брокері өз клиентінің мүддесі үшін екіжақты қарсы аукцион режимінде биржалық тауарды — сульфатқа төзімді цементті сатып алуды жүзеге асыруда.
Тауардың коды мен атауы: EFDDD13 – Сульфатқа төзімді портландцемент, МЕМСТ 22266-2013 бойынша I CC класы.
Сатып алынатын тауардың көлемі: 4423 тонна.
Сауда-саттықты өткізу кезеңі: Астана уақыты бойынша 24 тамыз сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін. Егер сауда-саттық бірінші күні өтпей қалған жағдайда, ол тапсырыс беруші кері қайтарып алғанға немесе жеткізушілер жапқанға дейін келесі жұмыс күндері өтеді.
-
Сауда құралының спецификациясы ЕТС Биржасының сайтында мына сілтеме бойынша жарияланған: https://ets.kz/markets/cement/documents/
-
Цемент сауда секциясының брокерлері туралы мәліметтер мына сілтемеде көрсетілген: https://ets.kz/markets/cement/members/
Биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін мыналар қажет:
-
Цемент сауда секциясының аккредиттелген брокерімен брокерлік қызмет көрсету шартын жасасу;
-
Биржалық қамтамасыз етілімді есепке алу үшін ЕТС Клирингтік орталығында сауда шот кодын ашу;
-
Оған биржалық сауда-саттық өтетін күннің алдындағы күннің Астана уақыты бойынша сағат 17:00-ге дейін биржалық қамтамасыз етілім сомасын енгізу;
-
Брокерлік қызмет көрсету шарты жасалған брокерге клиенттік тапсырма беру.