Announcements

ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫМЕН ЖӘНЕ РЕАКТИВТІ ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРҒА АРНАЛҒАН ОТЫН БИРЖАЛЫҚ САУДА-САТТЫҚТЫҢ КЕСТЕСІН ӨЗГЕРУІ ТУРАЛЫ

12.05.2023

"ЕСЖ "тауар биржасы" АҚ белгіленген дизель отынын және реактивті қозғалтқыштарға арналған отын өткізу жөніндегі бұрын жарияланған сауда сессияларын ауыстыру туралы хабарлайды.

Сауда-саттық күнін кейінге ауыстыру себебі: бекітілген сауда құралдары бойынша екі аптадан астам биржалық сауда-саттық өткізілмеген мұнай өнімдерінің базалық бағалар деңгейін уәкілетті органмен келісу қажеттілігіне байланысты (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 19 шілдедегі № 294-НҚ бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда қағидаларының 204-тармағының негізінде).

"ЕСЖ" тауарлық биржасы " АҚ 2023 жылдың мамыр айына Қазақстан Республикасының ішкі нарығына жеткізу жоспары бойынша дизель отыны және реактивті қозғалтқыштарға арналған отыны, сауда сессиялары келесі кесте бойынша өткізіледі:

1) дизель отыны – 2023 жылғы 16, 23, 19, 26, 30 мамырда Астана қ. уақыты бойынша сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін;

2) авиакомпанияларға арналған реактивті қозғалтқыштарға арналған отын – 2023 жылғы 17, 18, 22, 24 мамырда Астана қ. уақыты бойынша сағат 12:00-ден 13:00-ге дейін;

3) әуежайларға арналған реактивті қозғалтқыштарға арналған отын – 2023 жылғы 29 мамырда Астана қ. уақыты бойынша сағат 12:00-ден 13:00-ге дейін.