МҰНАЙ ӨНІМДЕРІН САТУҒА АРНАЛҒАН ҚОСЫМША САУДА СЕССИЯСЫ
«ЕТС» тауар биржасы» АҚ мұнай өнімдерін сатушылардың сұраулары бойынша, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 19 шілдедегі № 294-НҚ бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда қағидаларының 205-тармағына сәйкес, 2026 жылғы 27 қарашада Астана қаласының уақыты бойынша сағат 14:00-ден 15:00-ге дейін мына сауда құралдары бойынша қосымша сауда сессиясы өткізілетіні туралы хабарлайды:
- D6DE1EA – «АНПЗ» ЖШС АИ-95 бензині, жеткізу шарттары FCA Тендік станциясы – 195 тонна;
- D3DE1EA – «АНПЗ» ЖШС АИ-92 бензині, жеткізу шарттары FCA Тендік станциясы – 325 тонна;
- DEDF4EA – «АНПЗ» ЖШС ДТ-Е-К4 маркалы дизель отыны, жеткізу шарттары FCA Тендік станциясы – 195 тонна;
- DADE1SP – «ПНХЗ» ЖШС 70/100 маркалы жол мұнай битумы, жеткізу шарттары FCA Павлодар-порт станциясы – 1 300 тонна;
- DEDF4SP – «ПНХЗ» ЖШС ДТ-Е-К4 маркалы маусымаралық дизель отыны, жеткізу шарттары FCA Павлодар-порт станциясы – 260 тонна.
Ақпарат үшін: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 19 шілдедегі № 294-НҚ бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда қағидаларының 205-тармағына сәйкес, қосымша сауда сессиясының қорытындылары бойынша қалыптасқан мұнай өнімі бағасының деңгейі кейінгі негізгі сауда сессиялары үшін базалық бағаны айқындауға негіз болып табылмайды.