2026 ЖЫЛДЫҢ ЖЕЛТОҚСАН АЙЫНА АРНАЛҒАН ҚАНТ САУДА-САТТЫҚ КЕСТЕСІ
«Еуразиялық Сауда Жүйесі» тауар биржасы» АҚ 2026 жылғы желтоқсан айында қантты өткізу бойынша сауда сессиялары өткізілетіні туралы хабарлайды:
негізгі сауда сессиялары: 2026 жылғы 7, 9, 11, 14, 18 желтоқсанда Астана қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін;
қосымша сауда сессиясы: 2026 жылғы 21 желтоқсанда Астана қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін;
бос көлемдерді өткізу бойынша сауда сессиялары: 2026 жылғы 23, 25, 28, 30 желтоқсанда Астана қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін.
Биржалық қамтамасыз ету мөлшері болжамды мәміле сомасының 1 % деңгейінде бекітілген.
Қантты тауар биржасы арқылы өткізу Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы талаптарына, Биржалық тауарлар тізбесіне және Биржалық сауда қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Қантты сауда-саттыққа шығару көлемдері биржалық сауда-саттықтың белгіленген кестесіне сәйкес бөлінеді.
Қантты өткізуге өтінімдер беруге сатушылар Биржалық сауда қағидаларының талаптарына сәйкес жіберіледі.
Қант сатушыларына өтінімдер беруге рұқсат Биржалық сауда қағидаларының 319-тармағы шеңберінде беріледі.
Биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін:
- биржалық қамтамасыз етуді есепке алу үшін ЕТС Клирингтік орталығында сауда шотының кодын ашу;
- биржалық сауда-саттық өтетін күннің алдындағы күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 17:00-ге дейін биржалық қамтамасыз ету сомасын енгізу;
- брокерлік қызмет көрсету шарты жасалған брокерге клиенттік бұйрық беру қажет.
Қант саудасы секциясының брокерлері туралы мәліметтер мына сілтеме бойынша орналастырылған:
https://ets.kz/kz/markets/sugar/members/