Announcements

2026 ЖЫЛДЫҢ ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНА АРНАЛҒАН ҚАНТ БОЙЫНША САУДА-САТТЫҚ КЕСТЕСІ

25.08.2026

«Еуразиялық Сауда Жүйесі» тауар биржасы» АҚ 2026 жылғы қыркүйек айында қантты өткізу бойынша сауда сессияларының өткізілетіні туралы хабарлайды:

2026 жылғы 01, 02, 03, 04, 07, 08, 09, 10, 11, 14, 15, 16, 17, 18, 21, 22, 23, 24, 25, 28, 29, 30 қыркүйек күндері Астана қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін.

Биржалық қамтамасыз ету мөлшері болжамды мәміле сомасының 1 % деңгейінде бекітілген.

Қанттың жеткізу партиясының ең төменгі мөлшері, оған тең болған немесе одан асқан жағдайда оны өткізу тек тауар биржасы арқылы жүзеге асырылады, 60 тоннаны құрайды.

Қанттың жеткізу партиясының ең төменгі мөлшері, оған тең болған немесе одан асқан жағдайда оны өткізу тек тауар биржасы арқылы жүзеге асырылады, 60 тоннаны құрайды.

Қазіргі кезеңде қантты өткізуге өтінім беруге рұқсат тек келесі сатушыларға беріледі:

Қант сатушыларына өтінім беруге рұқсат Биржалық сауда қағидаларының 319-тармағы шеңберінде беріледі.

Биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін:

  • биржалық қамтамасыз етуді есепке алу үшін ЕТС Клирингтік орталығында сауда шотының кодын ашу;
  • биржалық сауда-саттық өткізілетін күннің алдындағы күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 17:00-ге дейін оған биржалық қамтамасыз ету сомасын енгізу;
  • брокерлік қызмет көрсету шарты жасалған брокерге клиенттік бұйрық беру қажет.

Қант саудасы секциясының брокерлері туралы мәліметтерді мына сілтеме бойынша табуға болады:

https://ets.kz/markets/sugar/members/