Announcements

2026 ЖЫЛДЫҢ ҚАРАША АЙЫНА ЖЕТКІЗУ ЖОСПАРЫ БОЙЫНША МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН САУДА-САТТЫҚ КЕСТЕСІ

02.11.2026

«ЕТС» тауар биржасы» АҚ хабарландыруы

«ЕТС» тауар биржасы» АҚ 2026 жылғы қараша айына Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнай өнімдерін жеткізу жоспары бойынша мұнай өнімдерін өткізу жөніндегі сауда сессияларының өткізілетінін хабарлайды:

    Бензиндер — 2026 жылғы 9, 11, 13, 16, 18 қараша күндері Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден 11:00-ге дейін;
    Жол битумы — 2026 жылғы 9, 11, 13, 16, 18 қараша күндері Астана қаласының уақыты бойынша сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін;
    Авиакомпанияларға арналған авиациялық отын — 2026 жылғы 9, 11, 13, 16 қараша күндері Астана қаласының уақыты бойынша сағат 12:00-ден 13:00-ге дейін;
    Авиациялық отынды бөлшек саудада өткізушілерге арналған авиациялық отын — 2026 жылғы 18 қарашада Астана қаласының уақыты бойынша сағат 12:00-ден 13:00-ге дейін;
    Дизель отыны — 2026 жылғы 9, 11, 13, 16, 18 қараша күндері Астана қаласының уақыты бойынша сағат 14:00-ден 15:00-ге дейін.

Биржалық қамтамасыз ету мөлшері болжамды мәміле сомасының 15% деңгейінде бекітілген.

Биржалық сауда-саттық барысында қойылатын мұнай өнімдерін сатуға және сатып алуға арналған өтінімдердің ең жоғары мөлшерлері Қазақстан Республикасы Биржалық комитетінің Мұнай өнімдері жөніндегі кіші комитетінің 07.06.2022 жылғы № 19 хаттамасымен ұсынылған:

    бензиндер мен дизель отыны бойынша — 390 тонна мөлшерінде;
    реактивті қозғалтқыштарға арналған отын бойынша — 195 тонна мөлшерінде;
    жол битумы бойынша — 195 тонна мөлшерінде.

Биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін:

  1. биржалық қамтамасыз етуді есепке алу үшін ЕТС Клирингтік орталығында сауда шотының кодын ашу;
  2. биржалық сауда-саттық өткізілетін күннің алдындағы күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 17:00-ге дейін сауда шотына биржалық қамтамасыз ету сомасын енгізу;
  3. брокерлік қызмет көрсету шарты жасалған брокерге клиенттік бұйрық беру қажет.

Мұнай өнімдері саудасы секциясының брокерлері туралы мәліметтерді мына сілтеме бойынша табуға болады: https://ets.kz/markets/oil_products/members/

Сауда құралдарының бекітілген спецификацияларымен ЕТС Биржасының сайтында мына сілтемелер бойынша танысуға болады:

Мұнай өнімдерінің базалық бағаларымен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://ets.kz/markets/oil_products/chart/

Мұнай өнімдерінің биржалық сауда-саттығын өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда қағидаларының 24-тарауының 188–211-тармақтарымен, енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, регламенттеледі.

«ЕТС» тауар биржасы» АҚ Биржалық сауда қағидаларының 24-тарауының негізгі ережелері туралы хабарлайды.

1. Мұнай өнімдерінің биржалық сауда-саттығына қатысушылар

Биржалық сауда қағидаларының 190-тармағына сәйкес мұнай өнімдерінің биржалық сауда-саттығына қатысушылар тауар биржасында дилер ретінде аккредиттелген не аккредиттелген брокерлер арқылы әрекет ететін сатушылар мен сатып алушылар болып табылады.

Мұнай өнімдерінің биржалық сауда-саттығына қатысушыларға мыналар жатады:

Мұнай өнімдерін сатушылар — жеткізу жоспарына енгізілген мұнай өнімдерін өндірушілер және мұнай жеткізушілер.

Жол битумын сатушылар — битум өндірушілер және меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде өздеріне тиесілі көмірсутек шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген битумның меншік иелері.

Мұнай өнімдерін сатып алушылар — мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілер, мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізушілер және түпкілікті тұтынушылар.

Авиациялық отынды сатып алушылар — түпкілікті тұтынушылар болып табылатын авиакомпаниялар, сондай-ақ авиациялық отынды бөлшек саудада өткізушілер.

Жарияланған сауда сессиялары шеңберінде авиакомпанияларға арналған авиациялық отын 2026 жылғы 9, 11, 13 және 16 қарашада, авиациялық отынды бөлшек саудада өткізушілерге арналған авиациялық отын — 2026 жылғы 18 қарашада өткізіледі.

Жол битумын сатып алушылар — битумды сақтауға арналған тиісті инфрақұрылымы бар автомобиль жолдарын салу және жөндеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ автомобиль жолдарын салу және жөндеу саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган ұсынған ақпарат негізінде тауар биржасындағы биржалық сауда-саттыққа жіберілген, битумды сақтауға арналған тиісті инфрақұрылымы бар тұлғалар.

Жол битумын сатып алушылардың тізбесі автомобиль жолдарын салу және жөндеу саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

2. Биржалық қамтамасыз ету

Биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін биржалық қамтамасыз ету Қағидалардың 201-тармағына сәйкес болжамды мәміле сомасының 15 %-ынан аспайтын мөлшерде белгіленеді.

3. Бағаның ең жоғары деңгейі

Сауда сессиясы барысында қалыптасатын биржалық тауар — мұнай өнімдері бағасының ең жоғары деңгейі Қағидалардың 203-тармағына сәйкес базалық бағаның 101 %-ынан аспауға тиіс.

4. Базалық бағаны айқындау тәртібі

Сауда сессияларында Қағидалардың 204-тармағына сәйкес мұнай өнімдерінің базалық бағасы ретінде мынадай бағалар танылады:

  1. жаңадан бекітілген сауда құралы бойынша алғашқы биржалық сауда-саттықта базалық баға тиісті мұнай өнімін өндірушінің жеткізу базисінде қалыптасқан мұнай өнімдерінің тиісті түрінің көтерме бағалары котировкаларының орташа арифметикалық мәні деңгейінде, Қазақстанның ішкі нарығындағы бағалар туралы Ұлыбританияның Argus Media Limited басылымының «Argus Рынок Каспия» дереккөзінде жарияланатын алдыңғы айдың қорытынды деректері бойынша белгіленеді;
  2. егер бекітілген сауда құралы немесе сауда құралдарының тобы бойынша сауда-саттық әртүрлі себептермен, оның ішінде мұнай өңдеу зауытының жоспарлы және/немесе жоспардан тыс жөндеу кезеңін қоса алғанда, екі аптадан астам уақытқа тоқтатылған болса, базалық баға Қағидалардың 204-тармағының 1) тармақшасына сәйкес айқындалады;
  3. егер сауда сессиясының қорытындысы бойынша осы сауда сессиясында өткізілуге жататын мұнай өнімі көлемінің кемінде 70 %-ы бойынша мәмілелер жасалса, келесі сауда сессиясында базалық баға осы сауда сессиясының қорытындысы бойынша қалыптасқан мұнай өнімінің орташа өлшенген бағасы деңгейінде белгіленеді;
  4. егер сауда сессиясының қорытындысы бойынша осы сауда сессиясында өткізілуге жататын мұнай өнімі көлемінің 70 %-ынан аз, бірақ 30 %-ынан астам көлемі бойынша мәмілелер жасалса және мұнай өнімінің орташа өлшенген бағасы осы сауда сессиясының базалық бағасы деңгейінде немесе одан жоғары қалыптасса, келесі сауда сессиясында базалық баға өзгермейді;
  5. егер сауда сессиясының қорытындысы бойынша осы сауда сессиясында өткізілуге жататын мұнай өнімі көлемінің 70 %-ынан аз, бірақ 30 %-ынан астам көлемі бойынша мәмілелер жасалса және мұнай өнімінің орташа өлшенген бағасы осы сауда сессиясының базалық бағасынан төмен қалыптасса, келесі сауда сессиясында базалық баға осы сауда сессиясының қорытындысы бойынша қалыптасқан мұнай өнімінің орташа өлшенген бағасы деңгейінде белгіленеді;
  6. егер сауда сессиясының қорытындысы бойынша осы сауда сессиясында өткізілуге жататын мұнай өнімі көлемінің 30 %-ынан азы бойынша мәмілелер жасалса, келесі сауда сессиясына базалық баға 2 %-ға төмендетіледі.

Мұнай өнімдерінің сауда-саттығын ұйымдастырушы Қағидалардың 204-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда базалық бағаны мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен алдын ала келіседі.