Announcements

2026 ЖЫЛДЫҢ ҚАРАША АЙЫНА АРНАЛҒАН ҚАНТ САУДА-САТТЫҚ КЕСТЕСІ / ГРАФИК ТОРГОВ САХАРОМ НА НОЯБРЬ МЕСЯЦ 2026 ГОДА

30.10.2026

2026 ЖЫЛДЫҢ ҚАРАША АЙЫНА АРНАЛҒАН ҚАНТ САУДА-САТТЫҚ КЕСТЕСІ

«Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасы» АҚ 2026 жылғы қараша айында қантты өткізу бойынша сауда сессиялары өткізілетіні туралы хабарлайды:

негізгі сессиялар: 2026 жылғы 16, 18, 20, 23, 25 қараша күндері Астана қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін;

қосымша сессия: 2026 жылғы 27 қарашада Астана қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін;

айлық кесте шеңберіндегі сауда сессиясы: 2026 жылғы 30 қарашада Астана қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін.

Биржалық қамтамасыз ету мөлшері болжамды мәміле сомасының 1 % деңгейінде бекітілген.

Қантты тауар биржасы арқылы өткізу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына, Биржалық тауарлар тізбесіне және Биржалық сауда қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Қантты сауда-саттыққа шығару көлемдері белгіленген биржалық сауда-саттық кестесіне сәйкес бөлінеді.

Қазіргі кезеңде қантты өткізуге өтінім беруге рұқсат тек келесі сатушыларға беріледі:

[сатушылар тізімі]

Қант сатушыларына өтінім беруге рұқсат Биржалық сауда қағидаларының 319-тармағы шеңберінде беріледі.

Биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін:

  • биржалық қамтамасыз етуді есепке алу үшін ЕТС Клирингтік орталығында сауда шотының кодын ашу;

  • биржалық сауда-саттық өтетін күннің алдындағы күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 17:00-ге дейін оған биржалық қамтамасыз ету сомасын енгізу;

  • брокерлік қызмет көрсету шарты жасалған брокерге клиенттік бұйрық беру қажет.

Қант саудасы секциясындағы брокерлер туралы мәліметтерді мына сілтеме бойынша табуға болады:

https://ets.kz/markets/sugar/members/