"ЕТС” Тауар биржасы" АҚ акционерлердің жылдық жалпы жиналысында Директорлар Кеңесінің жаңа құрамын сайлады
“ЕТС” Тауар биржасы" АҚ акционерлердің жылдық жалпы жиналысын өткізгенін хабарлайды. Осы жиын барысында Директорлар Кеңесінің жаңа мүшелері сайланды.
Тәуелсіз директорлар ретінде төмендегі тұлғалар сайланды. Олар: ЕуроАзия қор биржалары Федерациясының Бас хатшысы Константин Сароян және “PetroMining ұйымдарының Қауымдастығы” ЗТБ атқарушы директоры Яромир Рабай. Тәуелсіз директорлардың қайта сайлануын ескере отырып, "ЕТС” Тауар биржасы" АҚ Директорлар Кеңесінің жаңартылған құрамы қазір 7 мүшеден тұрады. Олар төмендегідей боп бекітілді:
1. Сергей Данов, Мәскеу биржасының өкілі;
2. Руслан Мұхамедов, акционерлердің өкілі;
3. Құрмет Оразаев, "ЕТС” Тауар биржасы" АҚ Басқарма төрағасы;
4. Алексей Рыбников, Санкт-Петербург биржасының өкілі;
5. Жанат Мұсабаев, акционерлердің өкілі;
6. Константин Сароян, тәуелсіз директор;
7. Яромир Рабай, тәуелсіз директор.
Сондай-ақ, акционерлер Кеңестің бұрынғы мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуды және олардың құрамы мен нақты санын анықтауды да қарастырды.
Айта кетейік, жаңа басшылық өз қызметінде ашықтық пен тиімділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. “ЕТС” Тауар биржасы" АҚ-ның нарықтағы позицияларын дамыту мен нығайтуды жалғастыра береді.