Курсы валют
Курсы валют НБРК 20.04.2024
USD: 447.4 RUB: 4.76
Курсы валют НБРК 20.04.2024
USD: 447.4 RUB: 4.76
Меню сайта

В Алматы прошла презентация первых биржевых торгов в режиме "он-лайн"

26.02.2009
"Бізде информатика саласы дамымаған." - дегенімде, информатика кафедрасының меңгерушісі ренжіп: "Бізде информатика саласы өте жақсы дамыған, менде мынадай мамандар бар!" - деп, меңгеруші бас бармағын көрсетті. Информатика кафедрасының меңгерушісіне қуанамын, бірақ та қайталап айтамын: "Бізде информатика саласы бүкіл мемлекетте дамымаған!" Оған көптеген дәлелдер бар.

Даму, өркендеу істері кезінде елде қарқын орын алған. Сонда бір кез болған жағдай есіме әлі де күлкімен келеді. Оған сіздер де күлесіз. Жас кезімде көрше үйіне келген бір апа мені шақырып, тоқ плитасын тоққа қосып беруді сұрады, сонда: "Мына екі шаншық айырды, ана екі тесікке қосатынын түсінемін, басым жетеді, бірақ қорқамын." - деді апа. Апаның білмегені аз, бірақ күлкілі. Әрине, апа менім күлгенімді білмейді.

Сондай күлкілі жағдай кәзір төңерегімде толып жатыр, оған да тек іштен күлемін, үйткені адам ренжіп қалады. Бір ретінде бір ағайынды: "Чайник!" - деп, ренжіткенім де бар. Тіл үйреніп қалды, біз, бір бірімізді: "Чайник!" - деп, мазақтаймыз. Сонда бір бірімізге кішкентай ғана қатені кешірмегеніміз, үйткені біз программистпіз. Әрине, біздің ісімізді де, қатемізді де көп адамдар түсінбейді. Бірақ 90% қателерді жасайтын адамдардың білмегені информатика саласындағы білімдердің 1% ғана.

Сол 1% білімсіз бүгін көп жұмыстар жүрмей жатыр. Күле-күле, ызаланасың. Сондықтан осы мақала туып отыр. Сол 1% білімді игеру үшін, көп болса екі сағат қана керек.

Бір күні мені телефонмен көмекке бір лауазымды адам шақырды. Мәселесін тыңдап болған соң, мен көмек етуден бас тартуға тырыстым: "Сіздің мәселеңіз өте қарапайым, мен тек күрделі мәселемен айналысамын, сол үшін маған көп ақша төлейді. Сіздің маселеңіз көп болса, 500 теңге тұрады, оны шешетін адамдар да көп. Соларды іздеп көріңіз. Маған кем дегенде 1 сағат жұмысыма 5000 тенге төлейді, сондықтан мен 500 теңге жұмысын істегім келмейді" - дедім.

"Мен сіздің 1 сағат жұмысыңызға 5000 тенге төлеймен, бірақ бас тарпаңыз!" - деді сол адам. Мақұл, солай болсын деп, мен лауазымды адамның жұмысына келдім. Есігіндегі тақшасында жазылған аты "БАСТЫҒЫ" деген сөзбен аяқталады екен. Мекеме аты да жоғары дәрежелі екен. Ағайымыздың жасы елуден асқан сияқты көрінді.

"Ал, компьютеріңізді қосыңыз." - дегенімде, ағай "Қалай?" - деп жауап қайтарды. Компьютерді столдың астына тығып қойыпты. "Міні, жаңа компьютер қойды, ескісін де қолдана алмайтынмын, ұят екен, үйренудің бір амалын таппасам болмай бара жатыр." - деді ағай.

Сол күні бір сағат жұмыс істедім. Компьютерді қосу, программаларды қосу, терезе, файл түрлерін ажырату, сілтемелерді қолдану, іздеу салуды үйреттім. Соңында мәтінді теру, белгілеу, көшіру, жою, орын ауыстыру істерін көрсеттім. Мен кеткенде, тышқанмен онындарды ойнап ұйреңіз, тышқанмен істеуге тез үйренесіз, перне тақшасын жатқа біліңіз, кез келген мәтінді тез теріп үйреніңіз, осыларды игергенде, мені қайта шақырыңыз, деп, кеттім.

Ағай екі аптадан соң қайта телефон шалды. Тағы бір сағат жұмысында программаларды орнату, жою, Интернетті қолдану, пошта ашып, хат жазып, хат алу, интернет адрестерді дұрыс қолдану, Интернетте іздеу салу істерін үйреттім. Маған хат жазып, сұрақтар болса сұраңыз, енді ары сізге тек машық пен, қызығұшылық керек, деп, екі сағатта қазақ ағайға сол 1% білімді үйреттім.