ЕТС Биржасы директорлар кеңесінің құрамын өзгертуге байланысты корпоративтік іс-шаралардың аяқталуы
ЕТС Биржасы Биржа директорлар кеңесінің құрамын өзгертуге байланысты барлық корпоративтік іс-шаралардың аяқталғаны туралы хабарлайды. 2024 жылғы 1 маусымнан бастап ЕТС Биржасы директорлар кеңесінің тәуелсіз директорлары болып Еуразия қор биржалары федерациясының Бас хатшысы Сароян К. мырза және «PetroMining ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ Атқарушы директоры Рабай Я. мырза сайланды.
Аталған корпоративтік өзгерістерді ескере отырып, ЕТС Биржасы «Kazenergy» қауымдастығын басқарған Ибрашев Кенжебек Ниязұлына және КБТУ Бизнес мектебінің деканы Мукашев Ержан Булатұлына ЕТС Биржасы директорлар кеңесінің тәуелсіз директорлары ретінде атқарған нәтижелі қызметі, кәсібилігі және компанияның дамуына, оның стратегиясын жүзеге асыруға қосқан зор үлесі үшін үлкен алғысын білдіреді.
Ибрашев К.Н. мен Мукашев Е.Б.-ның жоғары сараптамалық қолдауының арқасында ЕТС Биржасында мұнай өнімдерімен сауда жасау секциясын одан әрі дамыту жүзеге асырылды, Биржада мұнай өнімдері нарығын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар өткізілді, халықаралық агенттіктер мойындайтын мұнай өнімдерінің биржалық баға индикаторлары қалыптастырылды («Argus Рынок Каспия» – Argus Media Limited (Ұлыбритания) басылымы), сондай-ақ корпоративтік басқару стандарттарын дамыту бойынша жұмыстар жүргізілді!