"Еуразиялық сауда жүйесі" тауар биржасы (ЕСЖ) алаяқтық жағдайларының жиілеуіне байланысты алаңдаушылық білдіреді
Өткен жылы биржаның атына алдау әрекеттерінің құрбаны болған азаматтардан өтініштер көп келіп түсті. Бұл ретте шығын соммасы 20-дан 500 мың теңгеге дейінгі аралықта болған, ал алаяқтар тез пайда табуға уәде беріп, алдап-арбайды.
Instagram, WhatsApp, Facebook және басқа да әлеуметтік желілер арқылы ЕСЖ-ның ресми сайтынан алынған мәліметтерді пайдалана отырып, алаяқтар өздерін биржа қызметкерлері ретінде көрсетеді. Қаржылық операцияларды немесе криптовалюта саудасын жүргізу деген сылтауымен олар азаматтардан ақша алады.
ЕСЖ ресми түрде жеке тұлғалармен ынтымақтаспайтынын және инвестициялық капиталды ұлғайту бойынша бір реттік қызмет көрсетпейтінін мәлімдейді. Биржадағы барлық қаржылық операциялар қатаң процедуралар аясында жүзеге асырылады және биржа жедел пайда табу жоодарын ұсынбайды. Сондай-ақ, биржа Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтайтынын және барлық құжаттар мен лицензиялар ашық түрде жарияланатынын хабарлайды. Бұл мемлекеттік органдар алдындағы міндеттеме боп табылады.
"Біз алаяқтықтың көбеюіне қатты алаңдаймыз. Біздің биржаның барлық операциялары қауіпсіздіктің жоғары стандарттарына сәйкес келеді және ашық бақыланады. Азаматтарды қырағы болуға, ЕСЖ ресми арналары арқылы ақпаратты тексеруге және интернетте күмәнді ұсыныстарға сенбеуге шақырамыз", – деп атап өтті "Еуразиялық сауда жүйесі" Тауар биржасының басқарма төрағасы Құрмет Оразаев.
Шынайы ақпарат алу үшін азаматтарға тікелей биржаға сенім телефоны арқылы немесе ресми сайт арқылы хабарласуға кеңес беріледі. Алаяқтық күдігі туындаған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарлау маңызды.
"Еуразиялық сауда жүйесі" биржасы клиенттері мен өз беделін қорғау жөніндегі жұмысты жалғастырады. Сондай-ақ болашақта мұндай жағдайлардың алдын алу үшін барлық шараларды қабылдайды.
Қосымша ақпарат алу үшін:
Телефондар: Алматы үшін 244-44-55,
Қазақстан бойынша 8-800-080-05-05
Қоңырау шалу тегін.
E-mail: ets@ets.kz
Ресми сайт: ets.kz