ҚРҰБ ставкасы 21.04.2026
USD: 469.49 RUB: 6.24
Сайт мәзірі

2026 жылы ЕТС тарифтері өзгеріссіз қалады

10.12.2025
«Еуразиялық Сауда Жүйесі» тауар биржасы» АҚ 2026 жылы қолданыстағы стандартты биржалық тариф өзгеріссіз қалып, мәміле сомасының 0,1% деңгейінде сақталатынын хабарлайды. Кіру және мүшелік жарналардың мөлшері де өзгермейді: дилерлер үшін 100 АЕК, брокерлер үшін 200 АЕК.

СЗБТ нарығына 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕТС-тің стандартты тарифтері қолданылады, оның ішінде мәміле сомасының 0,1% мөлшеріндегі биржалық алым және қолданыстағы кіру мен мүшелік жарналары да сақталады.

Айта кетейік, ЕТС белгілеген биржалық алым мөлшері реттеуші белгіленген ең жоғары шекті мөлшер — 0,2% көрсеткішінен екі есе төмен.

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2025 жылғы 20 қарашадағы № 01-11/2975-И хатымен растайды: ҚР Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 3 наурыздағы № 84-НҚ бұйрығымен 2025 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін келесі шекті тарифтер бекітілген:
• кіру жарнасы — 300 АЕК-тен аспайтын мөлшер;
• биржалық сауда-саттыққа қатысу төлемі — мәміле сомасының 0,2%-нен аспайтын мөлшер;
• брокерлік комиссия — мәміле сомасының 0,2%-нен аспайтын мөлшер.

ЕТС-тің тарифтік саясаты мемлекеттік нормаларға толық сәйкес келеді және нарық қатысушыларына ашық, тұрақты және экономикалық тұрғыдан тиімді жұмыс шарттарын ұсынады.

Биржада аккредитация барлық мүдделі ұйымдар үшін ашық. ЕТС дилерлер мен брокерлерді аккредитациядан өтіп, тұрақты тарифтер мен айқын ережелер жағдайында биржалық платформада жұмыс бастауға шақырады.

2026 жылға арналған жарналарды есептеу үшін АЕК = 4 325 теңге көрсеткіші қолданылады.

ЕТС-тің өзекті тарифтері мына сілтемеде қолжетімді: https://ets.kz/rates