2025 жылғы 1 шілдеден бастап стандартты аукцион режиміндегі сауда-саттықтар тоқтатылады
2025 жылғы 1 шілдеден бастап Еуразиялық сауда жүйесі тауар биржасында (ЕТС) стандартты аукцион режимінде сауда-саттықтар өткізу тоқтатылады. Заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, барлық биржалық мәмілелер тек қос қарсы аукцион режимінде жүзеге асырылады.
«Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасы АҚ (ЕТС) биржалық сауда саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасына енгізілген өзгерістердің күшіне енетіні туралы нарық қатысушыларына қайтадан еске салады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 наурыздағы №280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда ережелерінің 7-бөліміндегі 48-тармаққа сәйкес, 2025 жылғы 1 шілдеден бастап биржалық сауда-саттықтар тек қос қарсы аукцион режимінде ғана өткізіледі. Осыған байланысты көрсетілген күннен бастап стандартты аукцион режиміндегі сауда-саттықтар тоқтатылады.
Қолданыстағы нормаларға сәйкес, стандартты аукцион өткізу туралы хабарландырулар биржаның интернет-ресурсында сауда-саттық күніне кемінде бес жұмыс күні қалғанда жарияланады.
Жер қойнауын пайдаланушылар бастамашылық ететін сатып алулар кезінде сауда-саттық төмендету аукционы форматында өткізіледі, ал мұндай сауда-саттық туралы хабарландырулар кемінде сегіз жұмыс күні бұрын жарияланады.
Заңнамадағы өзгерістер күшіне енгенге дейін ЕТС тауар биржасы стандартты аукцион өткізуге өтінім қабылдауды жалғастырады.
Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларына арналған төмендету аукциондарын өткізуге өтінімдер 2025 жылғы 18 маусымды қоса алғандағы күнге дейін қабылданады.
Стандартты аукцион режиміндегі биржалық сауда-саттықтарды өткізуге өтінімдер (жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларынан басқа) 2025 жылғы 23 маусымды қоса алғандағы күнге дейін қабылданады.
ЕТС тауар биржасы сауда-саттыққа қатысушыларға өздерінің сатып алу және сауда қызметін жоспарлау барысында осы мерзімдерді ескеруге кеңес береді.
Қосымша ақпарат алу үшін келесі электрондық пошта арқылы хабарласыңыз: ets@ets.kz.