«Продкорпорация» тауар биржасында бидайды 85 мың теңгеден бастап сатуда

«Продкорпорация» «Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасында астық сатуды бастады, деп хабарлайды АӨК Жаңалықтар агенттігі.
Алғашқы биржалық сауда-саттық аясында 23 мың тонна 3-классты бидай EXW (франко-элеватор) жеткізу шарттарымен сатылды.
Сауда қорытындылары бойынша сату бағалары:
-
3-классты бидай (глютен 23-24%) – ҚҚС-ты қосқанда 85 000 теңге/тонна;
-
3-классты бидай (глютен 25-26%) – ҚҚС-ты қосқанда 88 000 теңге/тонна;
-
3-классты бидай (глютен 27+%, Hi-pro) – ҚҚС-ты қосқанда 130 000 теңге/тонна.
Ұлттық астық операторы тауар биржасында белсенді жұмысын жалғастырып, барлық мүдделі тараптарды саудаға қатысуға шақырады. Тауар биржасы астық сатуға ыңғайлы платформа ұсынып, сондай-ақ нарықтың барлық қатысушылары үшін ашықтық пен бәсекеге қабілетті шарттарды қамтамасыз етеді.
Биржадағы сауда сессиясы жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін өтеді. «НК Продкорпорация» АҚ сатып алушылар мен серіктестерді ресми сауда алаңы арқылы астық сатып алу мүмкіндігін пайдалануға шақырады.