ҚРҰБ ставкасы 29.04.2026
USD: 457.21 RUB: 6.08
Сайт мәзірі

"Еуразиялық сауда жүйесі" тауар биржасы» акционерлік қоғамының (ЕТС) ресми мәлімдемесі

11.10.2023
СМИ-де (Orda.kz интернет-басылымында) «Қазақстанда өркениетті тауар биржалары пайда бола ма, әлде ел тағы да Қаңтар оқиғасының алдында қала ма?» атты мақаланың жариялануына байланысты, материалда шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат бар екенін хабарлаймыз, атап айтқанда биржа қатысушысы Денис Кутузовтың келтірілген сөзі: «Онда жалғыз ЕТС биржасы болды. Қылмыстық іс қозғалды, кейін белгісіз себептермен жабылды».

Осы мәлімдемеге қатысты хабарлаймыз, «ЕТС тауар биржасы» АҚ-қа қатысты қылмыстық істер қозғалған жоқ. 
Сондай-ақ, газ саудасына ЕТС-тен басқа да өзге тауар биржалары қатысқанын назарға саламыз. Orda.kz басылымындағы спикерлер ЕТС биржасын беделсіздендіруге тырысып отыр деп есептейміз. 

Кутузов Д.-ның «Мүмкін, Астанада монополияға қарсы ведомство жанынан ЕТС тауар биржасының қаржыландыруымен жағдайлық орталық ашылғандықтан, ЕТС-тегі бұзушылықтарға көз жұмылған шығар» деген пікіріне байланысты ресми түрде мәлімдейміз, бұл ақпарат жала болып табылады және монополияға қарсы органның (АЗРК) беделіне күмән келтіреді. Біз бұл мәлімдемені мемлекеттік органға тағылған айып ретінде бағалаймыз. ЕТС тауар биржасы АЗРК жағдайлық орталығын қаржыландырған жоқ. 

Жарияланымда ЕТС тауар биржасының өкілдері пікір беруден бас тартты делінген, бұл да шындыққа сәйкес келмейді. Orda.kz басылымының редакциясы да, журналисі де «ЕТС тауар биржасы» АҚ-тан түсініктеме сұраған жоқ және екінші тараптың пікірін анықтауға тырыспаған. Осылайша, Orda.kz редакциясы мемлекеттік орган мен коммерциялық компания туралы объективті емес және жалған ақпарат таратқан. Біз бұл жарияланымды арандатушылық деп санаймыз және компания өз іскерлік беделін қорғау мақсатында сот органдарына жүгіну құқығын өзіне қалдырады.