2026 жылғы 1 шілдеден бастап тарифтердің жаңа редакциясын қолданысқа енгізу туралы
2026 жылғы 1 шілдеден бастап тарифтердің жаңа редакциясын қолданысқа енгізу туралы
«Еуразиялық Сауда Жүйесі» тауар биржасы» АҚ Биржа мүшелеріне және биржалық саудаға қатысушыларға 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Сауданы ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету шарттарына №5 қосымшаның — «Биржалық сауданы ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету тарифтері» жаңа редакциясы қолданысқа енгізілетіні туралы хабарлайды.
Тарифтердің жаңа редакциясы «Еуразиялық Сауда Жүйесі» тауар биржасы» АҚ Директорлар кеңесінің 2026 жылғы 24 маусымдағы шешімімен, №385 хаттамамен бекітілді.
Негізгі өзгерістер:
-
мұнай өнімдерімен сауда секциясына;
-
Сауданы ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету шарттарына тарифтік қосымшаны өзектендіруге қатысты.
№5 қосымшаның жаңа редакциясы Биржаның корпоративтік сайтында «Тарифтер» / «Қызмет көрсету шарттары» бөлімінде, сондай-ақ «Құжаттар» / «Ішкі құжаттар» / «Қызмет көрсету шарттары» бөлімінде орналастырылған.
Қолданысқа енгізілетін күні: 2026 жылғы 1 шілде.