ҚРҰБ ставкасы 29.04.2026
USD: 457.21 RUB: 6.08
Сайт мәзірі

Некролог

25.06.2025

Терең күйзеліспен 67 жасында Кенжебек Ниязұлы Ибрашевтің өмірден өткенін хабарлаймыз — еліміздің энергетика саласындағы көрнекті сарапшысы, танымал мемлекет және қоғам қайраткері. Кенжебек Ниязұлы «ЕТС» тауарлық биржасының директорлар кеңесінің мүшесі болды.

Кенжебек Ниязұлы Қазақстандағы энергетика саласының қалыптасуы мен дамуының бастауында тұрған, ұлттық және салалық ірі құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған. Ол ұзақ жылдар бойы «KazEnergy» қауымдастығын басқарып, еліміздің заманауи энергетикалық саясатын қалыптастыруға, отын-энергетикалық кешеннің орнықты дамуына және Қазақстанның халықаралық аренада беделінің артуына зор үлес қосты.

ЕТС тауарлық биржасының директорлар кеңесінің мүшесі ретінде биржалық инфрақұрылымды дамытуға, сауда-саттықтың ашық әрі орнықты механизмдерін қалыптастыруға және ESG күн тәртібін ілгерілетуге айрықша үлес қосты. Оның сараптамалық білімі, стратегиялық ойлау қабілеті мен жүйелі шешімдерге ұмтылысы мемлекет, бизнес және қоғам арасындағы тиімді диалогты орнатуға ықпал етті.

Кенжебек Ниязұлы — кәсіби біліктілігі жоғары, дүниетанымы кең, адами қасиеттері терең тұлға еді. Оны ұстанымдылығы, жауапкершілігі мен ісіне деген адалдығы үшін құрметтейтін. Мұндай тұлғаның өмірден өтуі – кәсіби қауымдастық пен онымен бірге еңбек еткен барша жандар үшін орны толмас қаза.

Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз.
Жаны жәннатта болсын.

Құрметпен,
ЕТС компаниялар тобы