ҚРҰБ ставкасы 12.06.2026
USD: 488.59 RUB: 6.79
Сайт мәзірі

ЕТС Биржасының сауда алаңында бидай сату бойынша мәміле жасалды

22.05.2026

ЕТС Биржасының сауда алаңында бидай сату бойынша мәміле жасалды

2026 жылғы 20 мамырда «Еуразиялық Сауда Жүйесі» тауар биржасы» АҚ-ның сауда алаңында биржалық сауда-саттық арқылы мынадай сапалық көрсеткіштері бар жұмсақ бидайдың 3-сыныбын сату бойынша биржалық мәміле жасалды: клейковина — 23–24%, түсу саны — 230 секундтан жоғары.

Өткізілген бидайдың көлемі 10 000 тоннаны құрады. Мәміле бағасы — ҚҚС қоса есептегенде тоннасына 103 000 теңге.

Аталған мәміленің жасалуы биржалық механизмнің ауыл шаруашылығы өнімін өткізудің ашық әрі бәсекелес құралы ретіндегі сұранысқа ие екенін растайды.