ҚРҰБ ставкасы 29.04.2026
USD: 457.21 RUB: 6.08
Сайт мәзірі

Қазақстандағы мұнай өнімдері нарығында алғашқы «Қауіпсіз Сауда» өтті

29.03.2024

ETS тауар биржасы дизель отыны жеткізілуі бойынша алғашқы «қауіпсіз сауда» өткізді. Бұл сауда форматы тараптарды тауарды жеткізбеу және төлем жасалмау тәуекелдерінен қорғады. Бұған дейін Қазақстандағы мұнай өнімдері нарығында осындай форматтағы сауда жасалмаған. Бұл сауда біздің ел үшін жаңа және ерекше.

 

Мысалы, ағымдағы жылдың 20 наурызында аталған «қауіпсіз сауда» ретінде екі пилоттық биржалық сауда 100% алдын ала төлем шартымен ETS Биржасының Клиринг орталығы арқылы (КЦ ETS) жүзеге асырылды.

Әсіресе, 100% алдын ала төлем ретінде сатып алушы КЦ ETS-ке 4,5 млн. теңгеден астам қаражат аударды. Одан кейін КЦ ETS нұсқауына сәйкес, тауарға төлем түскені расталғаннан кейін, сатушы тауарды сатып алушыға жеткізді. КЦ ETS брокер арқылы ұсынылған жеткізу құжаттарын (жеткізу келісімі, тауарға арналған жүкті жіберу накладные) тексергеннен кейін, тауарға төленген соманы сатушыға аударады.

Нәтижесінде, сауданы жасау және жүзеге асыру барысында екі тарап тауар жеткізілетініне және төленетініне сенімді болып қалады.

 

ETS Биржасы – Қазақстандағы ең ірі тауар биржасы, ол тауар жеткізуді, ашық баға қалыптастыруды, биржа Клиринг орталығы арқылы қауіпсіз есеп айырысуды және нақты уақыттағы анонимдік сауданы қамтамасыз етеді. Аймақтық мұнай базалары негізінде екі жақты кері аукцион режимінде мұнай өнімдері саудасы ETS тауар биржасында күнделікті өткізіледі.

 

Айта кетейік, мұнай өнімдерін «қауіпсіз сауда» арқылы сатып алу үшін үш қадамды орындау қажет:

 

Аккредиттелген биржа брокерімен брокерлік қызмет көрсету келісімін жасау;

 

Сауда сомасының 1% мөлшерінде биржалық қамтамасыз етуді енгізу;

 

Брокер арқылы клиенттік сатып алу/сату нұсқауын беру.

Толығырақ ақпаратты ETS Биржасының консультанттарынан мына нөмір бойынша алуға болады: +7 701 918 80 50 немесе ресми сайтта: https://ets.kz.