ҚРҰБ ставкасы 07.10.2024
USD: 481.84 RUB: 5.07
Сайт мәзірі

Қазақстан жасыл экономикаға жаңа қадам жасап жатыр: "Байтақ" партиясы мен “Еуразиялық сауда жүйесі” тауар биржасы күш біріктірмек.

20.08.2024
15 тамызда қазақстандық "Байтақ" жасылдар партиясы мен “Еуразиялық сауда жүйесі” тауар биржасы парниктік газдар шығарындыларына квоталар саудасы үшін платформа құруға және дамыту бағытында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл бастама елдің экологиялық жағдайларға үн қосуы және ғаламдық климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі ұстанымын көрсететін қадам боп табылады. 

Бастаманың мақсаты– квота саудасын енгізу арқылы парниктік газдар шығарындыларын реттеудің тиімді құралын құру. Бұл кәсіпорындардың жаңа экологиялық стандарттарға тез бейімделуге мүмкіндік береді және таза технологияларды енгізуге ынталандырады. Бұдан тыс көміртегі квоталарының халықаралық нарықпен ықпалдасуы Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Осы мақсаттарды іске асыру үшін квоталар саудасын және басқа да жасыл қаржы құралдарын қолдайтын ашық және тиімді құқықтық база құру әрі заңнаманы реформалау жоспарланған.

"Байтақ" партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев: "Біз квота саудасы үшін платформа құруды Қазақстанда жасыл экономиканы дамыту үшін қуатты серпін болады деп сенеміз. Бұл бізге парниктік газдар шығарындыларын азайтуға мүмкіндік беріп қана қоймай бизнес пен инвестиция үшін жаңа белестерге жол ашады".

“Еуразиялық сауда жүйесі” тауар биржасының Басқарма төрағасы Құрмет Оразаев меморандумға қол қою туралы өз пікірін білдірді: “Біз осы маңызды жобаға қатысқанымыз үшін қуаныштымыз. Біздің биржа тиімді квота сауда платформасын құру үшін өзінің инфрақұрылымы мен сараптамаларын ұсынуға дайын".

Қазақстан 2024 жылғы 11 қарашада Бакуде БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы 29-шы конференциясына қатысады. Осы халықаралық алаңда Қазақстан климаттың өзгеруіне қарсы күрес саласындағы өз тәжірибесімен бөліседі және жаһандық экологиялық проблемаларды талқылауға атсалысады. COP 29-ға қатысу елдің Орталық Азиядағы көшбасшылығына баса назар аударады және оның халықаралық аренадағы позициясын нығайтады.

"Байтақ"партиясы туралы ақпарат:

Қазақстандық "Байтақ" жасылдар партиясы экологиялық саясат пен орнықты дамудың белсенді жақтасы болып табылады. Партия ESG қағидаттарын белсенді түрде ілгерілетуде және Қазақстанды Орталық Азиядағы жасыл экономика саласында көшбасшылыққа жетелейді.

“Еуразиялық сауда жүйесі” тауар биржасы туралы ақпарат:

Қазақстанның жетекші биржаларының бірі болып табылады. Биржа нарық қатысушыларына әртүрлі шикізат пен қаржы құралдарының саудасын қоса алғанда, қызметтердің кең спектрін ұсынады.