ҚРҰБ ставкасы 07.10.2024
USD: 481.84 RUB: 5.07
Сайт мәзірі

Қазақстан, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей ЕАЭО биржалары арасында келісімге қол қойды

07.06.2024

Main.jpeg


  Санкт-Петербург Халықаралық экономикалық форумының аясында бес елдің биржалары арасында тауар нарықтары индикаторларының халықаралық биржалық жүйесін құру туралы келісім бекітілді. Құжатқа "Еуразиялық сауда жүйесі" тауар биржасының, Беларусь әмбебап тауар биржасының, Санкт-Петербург халықаралық тауар-шикізат биржасының, Өзбекстан республикалық тауар-шикізат биржасының және Қырғыз қор биржасының басшылары қол қойды.

SPIEF1.jpeg

Келісімге қатысушылардың айтуынша, бұл құжат кедергісіз сауда жасауға жағдай жасайды, логистика тасымалының мерзімдерін қысқартады, баға саясатын реттеуге және ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ сыртқы сауданы дамытудың алғышарты болады және осы елдердің экономикасының қарқынды дамуына серпін береді.

SPIEF2.jpeg

Осы интеграциялық жобаны енгізу осыған дейін ЕАЭО елдерінің тауар нарықтарының ерекшеліктерін толық ескермей келген халықаралық агенттіктерге    берілген сигнал. Сондай-ақ сол халықаралық агенттіктердің индикаторларына тәуелділіктен арылтады. Қол қойылған халықаралық келісімнің мақсаты– Еуразиядағы интеграциялық процестерді жандандыруға және қатысушы елдердің экономикалық әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жол ашады. Биржалар арасындағы стратегиялық әріптестікті және ұзақ мерзімді өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту болып табылады.

SPIEF3.jpeg

Одақтың биржалық сауданы дамыту тұжырымдамасына ЕАЭО-ға қатысушы елдердің басшылары 2024 жылдың күзінде қол қояды. Айта кетейік, Санкт-Петербург Халықаралық экономикалық форумы биыл 5-8 маусым аралығында өтеді.