2024 ЖЫЛДЫҢ ҚАЗАНДА ЕСЖ БИРЖАСЫНДА МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН БИРЖАЛЫҚ САУДА-САТТЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
2024 жылдың қазан айында ЕСЖ Биржасы мұнай өнімдерінің келесі түрлері – бензин, дизель отыны, авиациялық отыны және мұнай жол битумын бойынша бес негізгі сауда сессияларын (мұнай өнімдерін маусым айына жеткізу жоспарына сәйкес), сондай – ақ 2024 жылғы қыркүйеқ айына арналған мұнай өнімдерін жеткізу жоспарына сәйкес бір қосымша сауда сессиясы ұйымдастырды (АИ-92 бензині - мұнай өнімдерінің түрлері бойынша). Биржалық сауда-саттықта мұнай өнімдерімен жалпы көлемі 9 880 тонна мөлшерінде 57 мәміле жасалды
Мұнай өнімдерінің түрлері бойынша көрсеткіштері келесідей қалыптасты:
1) АИ-92 маркалы бензині - 3 640 тонна көлемінде 26 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 8 сатушы мен 14 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 240 805,71 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 10,7 мың тонна деңгейінде бекітілген);
2) АИ-95 маркалы бензині - 1 625 тонна көлемінде 8 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 1 сатушы мен 6 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 293 600,1 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 4,3 мың тонна деңгейінде бекітілген);
3) авиациялық отын – 520 тонна көлемінде 4 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 1 сатушы мен 1 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 389 260,6 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 2,3 мың тонна деңгейінде бекітілген);
4) дизель отыны – 2 145 тонна көлемінде 9 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 1 сатушы мен 25 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 288 604,96 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 15,5 мың тонна деңгейінде бекітілген);
5) жол мұнай битумы – 1 950 тонна көлемінде 10 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 1 сатушы мен 6 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 152 576,17 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 15 мың тонна деңгейінде бекітілген);
ЕСЖ Биржасы биржалық тауарлардың баға белгіленімдері: мұнай өнімдері, 2024 жылдың қазаны
|
Тауардың атауы |
Жеткізу шарты |
Орташа өлшенген бағасы, теңге |
Өзгеріс |
|
Бензин АИ-92 |
FCA |
240 805,71 |
▲+4,7% |
|
Бензин АИ-95 |
FCA |
293 600,10 |
▲+4,1% |
|
Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын |
FCA |
389 260,60 |
▲+0,6% |
|
Дизель отыны |
FCA |
288 604,96 |
▼ -1,6% |
|
Жол мұнай битумы |
EXW |
152 576,17 |
▼ -2,3% |