ҚРҰБ ставкасы 21.04.2026
USD: 469.49 RUB: 6.24
Сайт мәзірі

2025 ЖЫЛДЫҢ ҚАЗАНДА ЕСЖ БИРЖАСЫНДА МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН БИРЖАЛЫҚ САУДА-САТТЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

03.11.2025

2025 жылдың қазан айында ЕСЖ Биржасы мұнай өнімдерінің – бензин, дизель отыны және авиациялық отынын сауда сессияларын ұйымдастырды. Биржалық сауда-саттықта мұнай өнімдерімен жалпы көлемі 31 200 тонна мөлшерінде 140 мәміле жасалды.

Мұнай өнімдерінің түрлері бойынша көрсеткіштері келесідей қалыптасты:

1)      АИ-92 маркалы бензині – 10 660 тонна көлемінде 45 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 3 сатушы мен 49 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 268 532,73 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 21,1 мың тонна деңгейінде бекітілген);

 

2)      АИ-95 маркалы бензині - 4 420 тонна көлемінде 21 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 2 сатушы мен 50 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 295 800,78 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 6,5 мың тонна деңгейінде бекітілген);

 

3)      авиациялық отын – 2 665 тонна көлемінде 15 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 1 сатушы мен 17 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 398 665,65 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 3,8 мың тонна деңгейінде бекітілген);

 

4)      дизель отыны – 13 455 тонна көлемінде 59 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 3 сатушы мен 67 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 339 575,16 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 25,8 мың тонна деңгейінде бекітілген);

 

ЕСЖ Биржасы биржалық тауарлардың баға белгіленімдері: мұнай өнімдері, қазан айында 2025

Тауардың атауы

Жеткізу шарты

Орташа өлшенген бағасы, теңге

Өзгеріс

Бензин АИ-92

FCA

268 532,73

▲+4,3%

Бензин АИ-95

FCA

295 800,78

▲+3,5%

Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын

FCA

398 665,65

▲+1,3%

Дизель отыны

FCA

339 575,16

▲+1,3%