ҚРҰБ ставкасы 29.04.2026
USD: 457.21 RUB: 6.08
Сайт мәзірі

2024 ЖЫЛДЫҢ ҚАРАША АЙЫНДА ЕСЖ БИРЖАСЫНДА МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН БИРЖАЛЫҚ САУДА-САТТЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

04.12.2024

2024 жылдың қараша айында ЕСЖ Биржасы мұнай өнімдерінің келесі түрлері – бензин, дизель отыны және авиациялық отыны бойынша бес негізгі сауда сессияларын (мұнай өнімдерін қыркүйек айына жеткізу жоспарына сәйкес) ұйымдастырды. Биржалық сауда-саттықта мұнай өнімдерімен жалпы көлемі 14 820 тонна мөлшерінде 99 мәміле жасалды

 

Мұнай өнімдерінің түрлері бойынша көрсеткіштері келесідей қалыптасты:

1)      АИ-92 маркалы бензині - 5 460 тонна көлемінде 30 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 8 сатушы мен 17 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 220 709,45 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 40,8 мың тонна деңгейінде бекітілген);

 

2)      АИ-95 маркалы бензині - 3 250 тонна көлемінде 27 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 6 сатушы мен 14 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 295 947,6 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 8,8 мың тонна деңгейінде бекітілген);

 

3)      авиациялық отын – 845 тонна көлемінде 12 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 2 сатушы мен 1 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 390 820,06 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 4,9 мың тонна деңгейінде бекітілген);

 

4)      дизель отыны – 5 265 тонна көлемінде 30 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 3 сатушы мен 46 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 303 039,43 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 26,5 мың тонна деңгейінде бекітілген);

 

 

 

 

ЕСЖ Биржасы биржалық тауарлардың баға белгіленімдері: мұнай өнімдері, 2024 жылдың қараша айында

Тауардың атауы

Жеткізу шарты

Орташа өлшенген бағасы, теңге

Өзгеріс

Бензин АИ-92

FCA

220 709,45

▼ -8,3%

Бензин АИ-95

FCA

295 947,60

▲+0,8%

Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын

FCA

390 820,06

▲+0,4%

Дизель отыны

FCA

303 039,43

▲+5,0%