2022 ЖЫЛҒЫ ҚАРАШАДА ЕТЖ БИРЖАСЫНДА МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН БИРЖАЛЫҚ САУДА-САТТЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
2022 жылдың қарашасында ЕТЖ биржасы мұнай өнімдерінің әрбір түрі бойынша бес сауда сессиясы ұйымдастырылды. Биржалық сауда-саттықта мұнай өнімдерімен жалпы көлемі 57 685 тонна мөлшерінде 302 мәміле жасалды, бұл 2022 жылғы қазанда елдің ішкі нарығына мұнай өнімдерін жеткізу жоспары бойынша жалпы көлемнің 5% - дан астамын құрады.
Мұнай өнімдерінің түрлері бойынша көрсеткіштері келесідей қалыптасты:
1) АИ-92 маркалы бензині – 20 410 тонна көлемінде 105 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 6 сатушы мен 25 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 191 980,94 теңге (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 33,6 мың тонна деңгейінде бекітілген);
2) АИ-95 маркалы бензині – 5 005 тонна көлемінде 32 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 4 сатушы мен 15 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 244 404,04 теңге (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 6,1 мың тонна деңгейінде бекітілген);
3) дизель отыны – 25 155 тонна көлемінде 112 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 8 сатушы мен 42 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 266 816,70 теңге (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 34,8 мың тонна деңгейінде бекітілген);
4) авиациялық отын – барлық көлемі сатылды, 13 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 4 сатушы мен 10 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 317 128,23 теңге (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 1,7 мың тонна деңгейінде бекітілген);
5) жол битумы (БНД 70/100, БНД 100/130) екі зауыттың "ПМХЗ" ЖШС және "CaspiBitum "БК" ЖШС – 6 270 тонна көлемінде 40 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 3 сатушы мен 13 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 114 050,32 теңге (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 8,8 мың тонна деңгейінде бекітілген).
ЕТЖ биржасы биржалық тауарлардың баға белгіленімдері: мұнай өнімдері, қараша 2022
Тауардың атауы |
Жеткізу шарты |
Орташа өлшенген бағасы, теңге |
Өзгеріс |
Бензин АИ-92 |
FCA |
191 980,94 |
▼-3,8% |
Бензин АИ-95 |
FCA |
244 404,04 |
▼-2,3% |
Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын |
FCA |
317 128,23 |
▼-0,9% |
Дизель отыны |
FCA |
266 816,70 |
▲+1,5% |
Мұнай жол битумы |
EXW/FCA |
114 050,32 |
▲+2,9% |