2025 ЖЫЛҒЫ МАУСЫМДА ЕСЖ БИРЖАСЫНДА МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН БИРЖАЛЫҚ САУДА
2025 жылдың маусым айында ЕСЖ Биржасы мұнай өнімдерінің – бензин, дизель отыны, авиациялық отынын және жол мұнай битумы сауда сессияларын ұйымдастырды. Биржалық сауда-саттықта мұнай өнімдерімен жалпы көлемі 3 565 тонна мөлшерінде 24 мәміле жасалды.
Мұнай өнімдерінің түрлері бойынша көрсеткіштері келесідей қалыптасты:
1) АИ-92 маркалы бензині – 1 170 тонна көлемінде 7 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 2 сатушы мен 17 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 215 399,84 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 32,5 мың тонна деңгейінде бекітілген);
2) АИ-95 маркалы бензині - 260 тонна көлемінде 2 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 2 сатушы мен 7 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 254 492,34 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 7,8 мың тонна деңгейінде бекітілген);
3) авиациялық отын – 130 тонна көлемінде 2 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 1 сатушы мен 1 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 383 312 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 4,6 мың тонна деңгейінде бекітілген);
4) дизель отыны – 1 885 тонна көлемінде 12 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 2 сатушы мен 23 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 302 403,75 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 11,8 мың тонна деңгейінде бекітілген);
5) жол мұнай битумы – 120 тонна көлемінде 1 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 1 сатушы мен 1 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 163 317 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 12,4 мың тонна деңгейінде бекітілген);
ЕСЖ Биржасы биржалық тауарлардың баға белгіленімдері: мұнай өнімдері, маусымы 2025
|
Тауардың атауы |
Жеткізу шарты |
Орташа өлшенген бағасы, теңге |
Өзгеріс |
|
Бензин АИ-92 |
FCA |
215 399,84 |
▲+3,8% |
|
Бензин АИ-95 |
FCA |
254 492,34 |
▲+3,9% |
|
Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын |
FCA |
383 312,00 |
0,00% |
|
Дизель отыны |
FCA |
302 403,75 |
▲+1,1% |
|
Жол мұнай битумы |
EXW |
163 317,00 |
▲+7,0% |