ҚРҰБ ставкасы 07.10.2024
USD: 481.84 RUB: 5.07
Сайт мәзірі

2024 ЖЫЛДЫҢ МАУСЫМДА ЕСЖ БИРЖАСЫНДА МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН БИРЖАЛЫҚ САУДА-САТТЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

01.07.2024

2024 жылдың маусым айында ЕСЖ Биржасы мұнай өнімдерінің келесі түрлері – бензин, дизель отыны және авиациялық отыны бойынша бес негізгі сауда сессияларын (мұнай өнімдерін маусым айына жеткізу жоспарына сәйкес), сондай – ақ 2024 жылғы мамыр айына арналған мұнай өнімдерін жеткізу жоспарына сәйкес бір қосымша сауда сессиясы ұйымдастырды (АИ-92 бензині және дизель отыны - мұнай өнімдерінің түрлері бойынша). Биржалық сауда-саттықта мұнай өнімдерімен жалпы көлемі 20 865 тонна мөлшерінде 112 мәміле жасалды 

Мұнай өнімдерінің түрлері бойынша көрсеткіштері келесідей қалыптасты:

1)      АИ-92 маркалы бензині - 15 730 тонна көлемінде 85 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 6 сатушы мен 39 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 210 765,71 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 34,5 мың тонна деңгейінде бекітілген); 

2)      АИ-95 маркалы бензині - 2 470 тонна көлемінде 21 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 3 сатушы мен 16 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 262 802,24 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 8,1 мың тонна деңгейінде бекітілген); 

3)      авиациялық отын – 1 560 тонна көлемінде 16 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 4 сатушы мен 1 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 376 638,25 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 6 мың тонна деңгейінде бекітілген);

4)      дизель отыны – 10 595 тонна көлемінде 43 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 5 сатушы мен 14 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 287 221,37 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 40,4 мың тонна деңгейінде бекітілген);

5)      жол мұнай битумы – 7 020 тонна көлемінде 36 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 1 сатушы мен 16 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 158 219,64 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 12 мың тонна деңгейінде бекітілген);

 

ЕСЖ Биржасы биржалық тауарлардың баға белгіленімдері: мұнай өнімдері, 2024 жылдың маусымы

Тауардың атауы

Жеткізу шарты

Орташа өлшенген бағасы, теңге

Өзгеріс

Бензин АИ-92

FCA

210 765,71

▼ -1,8%

Бензин АИ-95

FCA

262 802,24

▼ -0,8%

Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын

FCA

376 638,25

▲+0,4%

Дизель отыны

FCA

287 221,37

▼ -1,9%

Жол мұнай битумы

EXW

158 219,64

▲+2,8%