2026 ЖЫЛҒЫ ШІЛДЕДЕ ЕСЖ БИРЖАСЫНДА МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН БИРЖАЛЫҚ САУДА-САТТЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
2026 жылдың шілде айында ЕСЖ Биржасы авиациялық отын бойынша бес негізгі сауда сессиясын ұйымдастырды. Авиациялық отынмен биржалық сауда-саттықта жалпы көлемі 4 095 тонна болатын 33 мәміле жасалды.
Авиациялық отын бойынша көрсеткіштер келесідей қалыптасты:
1) авиациялық отын – 4 095 тонна көлемінде 33 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 4 сатушы мен 21 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 418 644,86 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 5 400 тонна көлемінде бекітілген);
ЕСЖ Биржасындағы биржалық тауарлардың баға белгіленімдері: мұнай өнімдері, шілде 2026 жыл
Тауардың атауы |
Жеткізу шарты |
Орташа өлшенген бағасы, теңге |
Өзгеріс |
Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын |
FCA |
418 644,86 |
▲+0,2% |