2024 ЖЫЛДЫҢ ШІЛДЕ АЙЫНДА ЕСЖ БИРЖАСЫНДА МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН БИРЖАЛЫҚ САУДА-САТТЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
2024 жылдың шілде айында ЕСЖ Биржасы мұнай өнімдерінің келесі түрлері – бензин, дизель отыны және авиациялық отыны, жол мұнай битумы бойынша бес негізгі сауда сессиялары (мұнай өнімдерін маусым айына жеткізу жоспарына сәйкес) ұйымдастырды. Биржалық сауда-саттықта мұнай өнімдерімен жалпы көлемі 24 505 тонна мөлшерінде 160 мәміле жасалды
Мұнай өнімдерінің түрлері бойынша көрсеткіштері келесідей қалыптасты:
1) АИ-92 маркалы бензині - 9 555 тонна көлемінде 59 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 5 сатушы мен 26 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 214 309,38 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 35,2 мың тонна деңгейінде бекітілген);
2) АИ-95 маркалы бензині - 2 275 тонна көлемінде 22 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 4 сатушы мен 8 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 272 960,62 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 7,1 мың тонна деңгейінде бекітілген);
3) авиациялық отын – 1 560 тонна көлемінде 18 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 4 сатушы мен 2 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 382 301,66 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 4,9 мың тонна деңгейінде бекітілген);
4) Дизель отыны – 6 175 тонна көлемінде 35 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 6 сатушы мен 19 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 286 313,78 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 35,8 мың тонна деңгейінде бекітілген);
5) жол мұнай битумы – 4 940 тонна көлемінде 26 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 1 сатушы мен 10 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 165 514,81 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 5 мың тонна деңгейінде бекітілген);
ЕСЖ Биржасы биржалық тауарлардың баға белгіленімдері: мұнай өнімдері, 2024 жылдың шілде айында
Тауардың атауы |
Жеткізу шарты |
Орташа өлшенген бағасы, теңге |
Өзгеріс |
Бензин АИ-92 |
FCA |
214 309,38 |
▲+1,7% |
Бензин АИ-95 |
FCA |
272 960,62 |
▲+3,9% |
Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын |
FCA |
382 301,66 |
▲+1,5% |
Дизель отыны |
FCA |
286 313,78 |
▼ -0,3% |
Жол мұнай битумы |
EXW |
165 514,81 |
▲+4,6% |