2024 ЖЫЛДЫҢ ТАМЫЗ АЙЫНДА ЕСЖ БИРЖАСЫНДА МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН БИРЖАЛЫҚ САУДА-САТТЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
2024 жылдың тамыз айында ЕСЖ Биржасы мұнай өнімдерінің келесі түрлері – бензин, дизель отыны және авиациялық отыны бойынша бес негізгі сауда сессияларын (мұнай өнімдерін тамыз айына жеткізу жоспарына сәйкес) ұйымдастырды. Биржалық сауда-саттықта мұнай өнімдерімен жалпы көлемі 30 095 тонна мөлшерінде 185 мәміле жасалды
Мұнай өнімдерінің түрлері бойынша көрсеткіштері келесідей қалыптасты:
1) АИ-92 маркалы бензині - 13 975 тонна көлемінде 78 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 7 сатушы мен 28 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 218 272,11 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 40,3 мың тонна деңгейінде бекітілген);
2) АИ-95 маркалы бензині - 3 510 тонна көлемінде 22 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 4 сатушы мен 12 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 285 958,34 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 9,4 мың тонна деңгейінде бекітілген);
3) авиациялық отын – 1 625 тонна көлемінде 18 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 2 сатушы мен 3 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 382 791,45 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 6,8 мың тонна деңгейінде бекітілген);
4) дизель отыны – 8 775 тонна көлемінде 54 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 4 сатушы мен 17 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 287 223,41 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 36,4 мың тонна деңгейінде бекітілген);
5) жол мұнай битумы – 4 030 тонна көлемінде 23 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 1 сатушы мен 7 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 160 789,59 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 15 мың тонна деңгейінде бекітілген);
ЕСЖ Биржасы биржалық тауарлардың баға белгіленімдері: мұнай өнімдері, 2024 жылдың тамыз айында
Тауардың атауы |
Жеткізу шарты |
Орташа өлшенген бағасы, теңге |
Өзгеріс |
Бензин АИ-92 |
FCA |
218 272,11 |
▲+1,8% |
Бензин АИ-95 |
FCA |
285 958,34 |
▲+4,8% |
Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын |
FCA |
382 791,45 |
▲+0,1% |
Дизель отыны |
FCA |
287 223,41 |
▲+0,3% |
Жол мұнай битумы |
EXW |
160 789,59 |
▼ -2,9% |