ҚРҰБ ставкасы 05.03.2026
USD: 499.83 RUB: 6.42
Сайт мәзірі

ЕТС әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлармен сауда жүргізетін биржа ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан таңдалды

25.12.2025

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №1101 қаулысымен «Еуразиялық Сауда Жүйесі» тауар биржасы» акционерлік қоғамы (ETS) әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлармен сауда жүргізетін тауар биржасы ретінде айқындалды.

 

Бұл шешім Қазақстан Республикасының «Тауар биржалары туралы» Заңының 3-бабы 2) тармақшасына сәйкес қабылданып, қаулыға қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлармен сауда жүргізу сеніп тапсырылған бар-жоғы екі тауар биржасын анықтады.

 

Аталған мәртебе ETS-тің ішкі нарық пен елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы үшін стратегиялық маңызы бар тауарлар бойынша ашық әрі бәсекеге қабілетті биржалық сауда тетіктерін қамтамасыз етудегі негізгі рөлін растайды. Әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлармен ұйымдасқан сауда алаңында сауда жүргізу нарықтық бағалардың әділ қалыптасуына, алыпсатарлық тәуекелдердің төмендеуіне және тауарлардың түпкі тұтынушылар үшін қолжетімді болуына ықпал етеді.

 

«ETS көптеген жылдар бойы заманауи биржалық инфрақұрылымды дамытып, цифрлық сауда құралдарын енгізіп келеді және нарық қатысушыларына биржалық саудаға тең қолжетімділікті қамтамасыз етіп отыр. ETS-тің әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлармен сауда жүргізу алаңы ретінде айқындалуы мемлекет пен нарық қатысушылары тарапынан көрсетілген жоғары сенімнің белгісі», – деп пікір білдірді «Еуразиялық Сауда Жүйесі» тауар биржасы» АҚ Басқарма төрағасы Курмет Оразаев.

 

Биржа Қазақстан Республикасының экономикасы, бизнесі және қоғам мүддесі үшін биржалық сауданы дамыту бағытындағы жұмысын жалғастыра береді.