ETS биржалық мәмілелер бойынша есептесулер және биржалық тауарлар үшін сипаттамаларды жаңарту бойынша заң талаптарының орындалуы туралы хабарлайды
2025 жылдың 3 қазанындағы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің №286-НҚ бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда ережелерінің 75-1-тармағының жаңа редакциясының 2026 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енуіне байланысты, «Еуразиялық Сауда Жүйесі» АҚ тауарлық биржасы (ETS) нарық қатысушыларына Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын орындау және биржалық сауданы белгіленген тәртіпте жүргізуді қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы хабарлайды.
Көрсетілген өзгерістерге сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап тауар биржасында жасалған мәмілелер бойынша биржалық тауарларды төлеу және жеткізу тауар биржасының клиринг орталығы арқылы жүзеге асырылады.
Өз кезегінде, тауар биржасының клиринг орталығы жасалған биржалық мәміле негізінде сатып алушы жағынан келісімшарт сомасын толық төлеу бөлігінде, сатушы жағынан тиісті жеткізу талаптарының орындалуы шартымен, келісімшарт шарттарын кепілдендіру бойынша контрагенттің функциясын өз мойнына алады.
Тауар биржасының жауапкершілігі
2009 жылдың 4 мамырындағы «Тауарлық биржалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағы және 13-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, тауар биржасы сауданы белгіленген биржалық сауда ережелері бойынша жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ тауар биржасының негізгі қызмет түрі биржалық сауданы ұйымдастыру және жүргізу болып табылады, оның аясында тауар биржасы биржалық мәмілелер бойынша есептесулерді ұйымдастыру және жүзеге асыру функциясын атқарады.
Осыған байланысты, Биржалық сауда ережелерінің 75-1-тармағының талаптарын сақтау, соның ішінне балама төлем түрлерін болдырмау (есептесулер, сатушыға тікелей аударымдар және клирингке көзделмеген басқа да түрлер) жауапкершілігі тауар биржасына жүктеледі, өйткені тауар биржасы 2009 жылдың 4 мамырындағы «Тауарлық биржалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 13-2-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес биржалық сауда ережелерін сақтауға міндетті.
Құқықтық қолдау негізі:
- 2009 жылдың 4 мамырындағы Қазақстан Республикасының №155-IV «Тауарлық биржалар туралы» Заңы (6-баптың 1-тармағы, 13-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы, 13-2-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы);
- Биржалық сауда ережелері, 75-1-тармақ (2025 жылдың 3 қазанындағы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің №286-НҚ бұйрығының редакциясы бойынша).
Қазақстан Республикасының 2009 жылдың 4 мамырындағы «Тауарлық биржалар туралы» Заңының және Биржалық сауда ережелерінің осы талаптарын орындау мақсатында ETS Биржасы биржалық тауарларға сипаттамаларды жаңарту мен орналастыру тәртібін регламенттейтін ішкі бұйрық қабылдады.
«Биржалық тауарларға сипаттамалар туралы» бұйрықтан үзінді (дәйекті түрде келтіріледі)
2025 жылдың 3 қазанындағы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің №286-НҚ «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына (бұдан әрі – Бұйрық) сәйкес 2026 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енетін Биржалық сауда ережелерінің 75-1-тармағының редакциясына және тауар биржасының белгіленген биржалық сауда ережелері бойынша сауданы жүргізуді қамтамасыз етуі және тауар биржасының биржалық мәмілелер бойынша есептесулерді ұйымдастыру және жүзеге асыру функциясын атқаруы туралы 2009 жылдың 4 мамырындағы Қазақстан Республикасының №155-IV «Тауарлық биржалар туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағы мен 13-бабының 2-тармағының 3) тармақшасын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
- «Еуразиялық Сауда Жүйесі» АҚ тауарлық биржасының (бұдан әрі – ETS Биржасы) Биржалық сауда департаменті Биржалық сауда ережелерінің (бұдан әрі – Ережелер) 134-тармағына сәйкес, ETS Биржасының корпоративтік сайтында (www.ets.kz) биржалық тауарларға арналған жаңартылған сипаттамаларды тауар биржасының клиринг орталығын қолдана отырып, тауар биржасында жасалған мәмілелер бойынша биржалық тауарларды төлеу және жеткізу тәртібі бөлігінде 2026 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енетін Биржалық сауда ережелерінің 75-1-тармағының редакциясы талаптарын ескере отырып, келесі мерзімдерде және тәртіпте орналастыруды қамтамасыз етсін:
1.1 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеткізу жоспарлары аясында сатылатын мұнай өнімдері мен тұрмыстық көмірге арналған сипаттамалар, Ережелердің 134-тармағына сәйкес;
1.2 қант пен а. ш. өнімдеріне арналған негізгі сипаттамалар – 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Ережелердің 134-тармағына сәйкес;
1.3 қант пен а. ш. өнімдеріне арналған басқа сипаттамалар – нарық қатысушыларының сұраныстары түскен сайын, Биржалық сауда ережелерінің 75-1-тармағының талаптарын сақтай отырып; - ETS Биржасының (www.ets.kz) корпоративтік сайтынан тауар биржасының клиринг орталығы арқылы төлеу тәртібін қарастырмайтын барлық биржалық тауарларға арналған сипаттамаларды 2026 жылдың 5 қаңтарынан кешіктірмей жасыруды Биржалық сауда департаменті қамтамасыз етсін.
Қатысушыларға хабарлау үшін:
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ETS Биржасы корпоративтік сайтында тек Биржалық сауда ережелерінің 75-1-тармағының талаптарына сәйкес келетін және клиринг орталығы арқылы есептесулерді көздейтін биржалық тауарларға арналған сипаттамаларды ғана орналастырады және күйде ұстайды.
ETS Биржасы нарық қатысушыларын заң талаптарын сақтай отырып және нарық конъюнктурасын ескере отырып әзірленетін және қолданылатын сипаттамаларды талқылауға шақырады.
Байланыс тұлғасы: Байтлеуов Әлімжан, тел: +7 701 718 93 99