ҚРҰБ ставкасы 27.04.2026
USD: 464.86 RUB: 6.14
Сайт мәзірі

ЕТС «Продкорпорацияның» 2026 жылға арналған ауыл шаруашылығы өнімдері бойынша биржалық сауда-саттық өткізу тендерінде жеңімпаз деп танылды

06.04.2026

«Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасы» АҚ (ЕТС) «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ өткізген сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қызметтерін көрсету бойынша тендердің жеңімпазы деп танылды.

Тендер 2026 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу үшін тауар биржасы қызметтерін жеткізушіні анықтауға бағытталған.

Тендерге екі тауар биржасы қатысты. Өтінімдерді бағалау қорытындысы бойынша ең тиімді шарттарды ұсынып, жоғары қаржылық тұрақтылық деңгейін растаған ЕТС жеңімпаз деп танылды.

Шарт аясында ЕТС 2026 жыл бойы биржалық сауда-саттықты ұйымдастыруды, бағалық индикаторларды қалыптастыруды және ауыл шаруашылығы өнімдері нарығындағы операциялардың ашықтығын қамтамасыз ететін болады.

ЕТС алаңында сауда-саттық өткізу мәмілелердің ашықтығын және Қазақстанның аграрлық секторында нарықтық бағалық индикаторлардың қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Нарық қатысушыларын ЕТС алаңында аккредитациядан өтіп, сауда-саттыққа қатысуға шақырамыз.